Әлеуметтік қорғау. Зейнетақы

Әлеуметтік қорғау және оның түрлері

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматқа ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңлы негіздер, бойынша жалақы мен зейнетақының аз мөлшері, жасының жетуіне байланысты әлеуметтік жағынан қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

Әлеуметтік қорғау — бұл өмірлік қажетті игіліктердің белгілі бір деңгейін (қарттық, денсаулық жағдайына, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуына және басқа да заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенділік көрсете алмайтын) және тиісті ақы төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға белгілі бір жақсы тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету шараларының жүйесі. Жалпы науқастарға уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ жүктілікке және бала тууға байланысты, тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) тағайындалады. Бұл жағдайда әлеуметтік жәрдемақы бала асырап алған күннен бастап баланың туғанына 56 күн өткенге дейінгі барлық кезеңге тағайындалады.

Бала дүниеге келгенде ең төменгі есептік көрсеткіштің 10 еселегі мөлшерінде бір рет жәрдемақы төленеді. Қызметкерлерге әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс берушінің қаржысы есебінен төлеу тәртібі заңда қарастырылған. Біздің елімізде "Мүгедектігіне, асыраушысын жоғалтқан жағдайда және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Заң қабылданған.

Егер қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы жарақатқа немесе кәсіби ауруға байланысты болса, онда жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақыны еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап ол жұмысқа шыққанша не мүгедектігі анықталғанша орташа айлық жалақысының 100 пайызы мөлшерінде төлейді. ! Әлеуметтік жәрдемақы төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны не ойдағыдай орындамағаны үшін жұмыс беруші заңда белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.

Жұмыс берушіге, сондай-ақ қызметкердің жарақаттануына және өзге де денсаулығының бұзылуына байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру міндеті жүктеледі. Егер жұмыс берушінің кінәсінен қызметкер өзінін қызметтік міндеттерін орындау үстінде жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зиян келтірілсе жене соның салдарынан ол толықтай немесе ішінара еңбекке қабілеттілігін жоғалтса, онда жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру орнын толтыру төлемі болмаған жағдайда белгіленген тәртіп бойынша және мәлшерде оған келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті. Қызметкердің жарақатты немесе денсаулығына келтірілген өзге де зиянды қай жерде алғандығына қарамастан (кәсіпорын аумағында ма, не одан тыс жерде ме) жұмыс берушінің оған кінәлілігі дәлелденген жағдайда жұмыс берушінің материалдың жауапкершілігі туындайды. Егер жұмыс беруші қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянға өзінің кінәлі еместігін дәлелдесе, онда ол зиянның орнын толтырудан босатылады.

Келтірілген зиянның орнын толтыру дегеніміз — зақымданған қызметкердің еңбекке қабілеттілігін жоғалту, не онын төмендеуі салдарынан жоғалткан жалақысының, табысының мөлшерінде (немесе олардың тиісті белігі мөлшерінде) ақша сомасын төлеуді, біржолғы жәрдемақы төлеуді және денсаулығының бұзылуына байланысты шығарылған қосымша шығындарының орнын толтыруды білдіреді. Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, келтірілген зиянның орнын толтыруды талап етуге; қайтыс болған адамның асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдардың немесе ол өлген күнге дейін асырап-бағу үшін одан қаржылай көмек алып тұруға құқылы адамдардын; қайтыс болған адамның ол өлгеннен кейін туған баласының; сондай-ақ ата-анасының біреуінін жұбайының немесе жұмыс істемейтін және өлген адамнын жасы сегізге толмаған балаларының інілері мен қарындастарының немерелерін бағумен айналысатын өзге де отбасы мүшесінің құқығы бар.

Зардап шеккен қызметкердін алған еңбек жарақатына байланысты жұмсалған қосымша шығындардын орнын толтырудың тәртібі мен шарттары да белгіленген. Мәселен, кәсіпорын зардап шеккен қызметкердің денсаулығы жойылуынан жоғалтқан жалақысының орнын толтырумен қатар, оның алған жаракатына байланысты шығарған қосымша шығындарының да (қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, медициналық тексерілуге және денсаулығын қалпына келтіруге, тіс салдыруға, оны күтуге, санитарлық емделуге, зардап шегушінің емделетін жерге әрлі-берлі барып-қайтуға қажет жолақысын, ал қажет болған жағдайда оның қасына еріп жүретін адамнын да жолақысын қоса) орнын толтырады. Алған жарақаттарынын немесе кәсіби аурудың салдарынан мүгедек болған қызметкерлер өздері еңбек қатынасында тұратын жұмыс берушілердің қаржысы есебінен жүріп-тұру құралдарымен, еңбектік- әлеуметтік қалпына келтірудің басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі.

Жұмыс беруші осы айтылған міндеттерді орындаудан жалтарған жағдайда мүгедектердің немесе олардьщ мүддесін қорғайтын әлеуметтік камсыздандыру органдарының талаптары бойынша сот алдында жауап беретін болады. Қолданылып жүрген заңға сәйкес мүгедектердің жұмыска орналасуға қақысы бар. Мемлекет күйі төмен азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде де шаралар қолданып отырады. Адам басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындар мәртебесі бар адамдардың, шетелдіктердің, Қазақстан Республикасында тұруға құқығы бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға қақысы бар. Еңбекпен қамту мәселелелері бойынша әкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Дәлелді себептерсіз ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға, оқуға және қайта оқуға қатысудан өздігінен бас тартқан жұмыссыздар алты ай бойы атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады.

Зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық және әлеуметтік негіздері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заңы арқылы реттеліп отырады. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, заңда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, республика азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамтамасыз етілуіне құқығы бар.

Жалпы ереже бойынша, еркектер — 63 жасқа, әйелдер — 58 жасқа толғанда зейнеткерлікке шығуға қақысы бар. Кейбір адамдардың ел алдында сіңірген еңбегі үшін зейнеткерлікке шығуға қақысы бар, мысалы, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 5 баласы бар және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеп өсірген әйелдердің 53 жасында зейнеткерлікке шығуға еркі бар. 2005 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 9200 тенгені құрады, орташа зейнетақы — 12427 теңге.

Халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ және жеке жүйелері

Бүгінде Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етудің үш дәрежелі жүйесі қалыптаскан:

  • бірінші дәрежесі — мемлекеттік негіздегі зейнетақы;
  • екіншісі — міндетті зейнетақы жарналары есебінен болатын ортақ жүйе мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан тұратын зейнетақы;
  • үшіншісі — ерікті және кәсіби зейнетақы аудару есебінен қосымша төлеу.

2005 жылы Қазақстанның барлық азаматтарына үш мың теңге мөлшерінде мемлекеттік негіздегі зейнетақы енгізілді. Бұдан әрі негізгі зейнетақы төлеу мөлшері республикалық бюджет туралы заңда қарастырылатын болады. Келешекте негізгі зейнетақы дәрежесін күнелту минимумы дәрежесіне жақындату жоспарлануда. Зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жуйесі — көсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің ерікті ақша аудару есебінен зейнетақы төлеу дегенді білдіреді. Жеке жинақталган жүйе — нақты зейнетақы қорындағы өзінің жеке есебіне табыстарын аудару арқылы әрбір азаматтың зейнетақы сомаларын қалыптастыруы.

Зейнетақы қорлары

Міндетті және ерікті зейнетақылық жарналар болады. Міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуді (жинақтаушы зейнетақы корларға) жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен және өзге де қызметтермен айналысатьш жеке тұлғалар жүзеге асырады. Ерікті зейнетақылық жарналарды жеке және заңды тұлғалар зейнетақылық шарттарға сәйкес мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына төлейді. Қазақстанда 1997 жылдан бастап жинақталу зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейді. Бүгінде зейнетақымен қызмет көрсететін әр түрлі фондалар бар.

Реформа мезетінен қазіргі уақытқа дейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің принциптері болып:

  • зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеу;
  • зейнетақы каржы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарды жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау құқығымен қамтамасыз ету;
  • азаматтарды белгіленген зейнетақының аз мөлшерімен қамтамасыз етуге тікелей мемлекеттік кепілдік беру;
  • зейнетақы және басқа әлеуметтік қамтамасыз ету формаларына шек кою;
  • зейнетақы қаржы жинақтарын қалыптастыруға еңбекке қабілетті жастағы әр азаматтың қатысуы міндеттілігі;
  • еңбекке қабілетті азаматтардың қартайған шағында өздерін зейнетақымен қамтамасыз етуіне жеке жауапкершілігі;
  • жинақтаушы зейнетақы қорларына ақша салудың қауіпсіздігі мен сақталуынын халықка тиімділігі;
  • жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақыға азаматтардың мұрагерлік құқығын қамтамасыз ету;
  • әр азаматтың өз еркімен қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілу кұқығы;
  • азаматтардың зейнетақысын сақтауы инвестиция арқылы экономикаға қосқан үлесі болып табылады.

Мемлекет мемлекеттік жинақтаушы қорда зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді. Зейнетақылық жинак каржыларының колсұғылмай сақталуын түрлі шаралар жүйесі аркылы камтамасыз етеді, атап айтканда, жинақтаушы зейнетақы корларының зейнетақы жарна- ларын түсіру және зейнетақылық төлемдер төлеу жөніндегі қызметін лицензиялау жолымен жүзеге асырады; жинақтаушы зейнетақы корларының жылдық каржылық есептерін міндетті түрде аудиторлық тексеруден өткізу аркылы жасайды, жинақталған зейнетақылық каржыларды алушының таңдауы бойынша толық көлемінде немесе ішінара сақтандыру жолымен де және тағы басқалай төсілдермен жасайды. Салымшылардың зейнеткерлік шарттар жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын дербес таңдап алуға, зейнетақылық қаржы жинактарының жағдайы туралы акпараттар алуға құқығы бар.

Сонымен, әлеуметтік қамсыздандыру дегеніміз — қартайған және еңбекке қабілетсіз азаматтарды, сондай-ақ балалы отбасыларды қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жүйесі. Мемлекет тұрмысы нашар азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде де шаралар ұолданады. Адамның әлеуметтік құқығы дегеніміз — адамдардың белгілі бір жағдайларда мемлекеттен материалдық игіліктер алуына мүмкіндіктер беретін олардың конституциялық құқықтарының жиынтығы. Зейнетақы дегеніміз — азаматтарға заңда белгіленген жағдайларда мемлекет немесе өзге де субъектілер тарапынан өмір бойы үздіксіз беріліп отыратын ақшалай төлем.[1]

Дереккөздер

  1. “ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-638-5

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!