Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

Әлеуметтік-экономикалық география

Әлеуметтік-экономикалық география - қоғамдық географияның және географиялық ғылымдардың барлық жүйесінің негізгі бөліктерінің бірі; әр түрлі елдердегі, аудандардағы, жергілікті жерлердегі қоғамның аймақтық ұйымдастырылуын зерттейді. Әлеуметтік-экономикалық география экономикалық география, әлеуметтік география және халық географиясы деп бөлінеді. Әлеуметтік-экономикалық географияның зерттейтін шекті нысанына Жердің географиялық қабығының қоныстанған, игерілген немесе басқа жолмен қоғам өміріне тартылған, өзіне тән шаруашылығының кеңістіктік құрылымы мен қоғамдық өмірді ұйымдастырудың нысаны бар бөлігі жатады.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі термињдерініњ салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6


Prefix: a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Portal di Ensiklopedia Dunia

Kembali kehalaman sebelumnya