Әбілғазы Баһадүр хан

A.
Әбілғазы Баһадүр Хан.

Әбілғазы Баһадүр Хан[1](16031664) — Хиуа ханы (1645—63), тарихшы-шежіреші. Әбілғазы Хорезм хандығының астанасы Үргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған.[2]

Өмірі

Әкесі Арабмұхамед хан 1602 жылы Хорезм ханы болып жарияланған. Шешесі Мейірбану да Шыңғыс хан әулетінен шыққан, Арал теңізі маңындағы қазақ руларының ханы Жанғазы сұлтанның қызы. Әбілғазы әкесі салдырған Арысхан медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекеттік басқару ісін меңгерді. 16 жасқа шыққанда әкесі оны үйлендіріп, Үргеніштің жарты бөлігін билеткен. Арабмұхамед ханның қартайған шағында балалары арасында билікке талас басталды. 17 жасынан бұл талас-тартысқа Әбілғазы да араласты. Оның аяғы ағайынды адамдар арасындағы қарулы қақтығысқа ұштасты. Сондай соғыстың бірінде 1621 жылы Әбілғазы ауыр жарақаттанып, Әмударияны жалғыз жүзіп өтіп, қашып құтылады. Маңғыстаудағы түрікмендерді, қазақ хандары Есім мен Тұрсынды паналайды. Әбілғазы Ташкентте Тұрсынхан сарайында 2 жыл тұрып, еліне қайтып келген соң, 1628 жылы ағаларының қолына түсіп, Иранға жер аударылды. 10 жылдай Исфахан қаласында айдауда болған. 1638 жылы Исфаханнан қашып шығып, түрікмен руларының арасында жасырынып жүрген. 16401641 жылы Жем өзені бойындағы Қалмақ ханы Хо-Өрліктің ордасында тұрған. Осы жерден Арал қазақтары көп сыйлық беріп, Әбілғазыны қалмақ ханынан сұрап алып, өздеріне хан көтерді. 1643 жылы Ілияс би бастаған Арал қазақтары Хиуа ханы Аспандиярға қарсы көтерілгенде Әбілғазы солармен бірге болған. Екі жыл бойы Хиуаға дамылсыз шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Хан тағына отырғаннан кейін де көп жылдар түрікмен тайпаларымен соғыс жүргізді, Хиуа хандығы жеріне баса-көктеп кірген қалмақтарға қарсы қиян-кескі ұрыс жүргізді, Бұхараға шабуыл жасады. Тек 1663 жылы ғана хандық билігін ұлы Ануш Мұхамедке беріп, бейбіт істермен айналысуға мүмкіндік алып, шығармашылық жұмысқа кірісті.Әбілғазы өз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды.

  • Ол өзі туралы:"Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрселер берген. Мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі — әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі ; Eкіншісі — ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде меснеуи, қасида, ғазел, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу; Үшіншісі — бұрын Сауд Арабиясы, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу" деп жазды.

Шежіре

Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғыл. ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан. Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726), орыс (1770, 1780) және неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 жылы шежіренің араб әрпімен жазылған түпнұсқасы граф Н.И.Румянцевтің араласуымен Қазанда басылып шыққаннан кейін ғана ғыл. айналымға қосылды. Академик Х. Френ бұл басылымды ээ“шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс”ээ деп бағалады. 1854 жылы И.Н.Березин “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3- томына Г.С.Саблуков жасаған орысша аударманы кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен жаңа қолжазбаны пайдаланып, П.И.Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі кітап етіп бастырып шығарды (18711874). Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма.[3][4]

Дереккөздер

  1. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
  2. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  3. Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы


Read other articles:

ГремесеGrémecey   Країна  Франція Регіон Гранд-Ест  Департамент Мозель  Округ Саррбур-Шато-Сален Кантон Шато-Сален Код INSEE 57257 Поштові індекси 57170 Координати 48°48′03″ пн. ш. 6°24′22″ сх. д.H G O Висота 205 - 313 м.н.р.м. Площа 9,04 км² Населення 104 (01-2020[1]) Густота 11,28 о

 

Feichten a.d.Alz Lambang kebesaranLetak Feichten a.d.Alz di Altötting NegaraJermanNegara bagianBayernWilayahOberbayernKreisAltöttingMunicipal assoc.Kirchweidach Pemerintahan • Erster BürgermeisterJohann Aicher (CSU/FW)Luas • Total17,91 km2 (692 sq mi)Ketinggian518 m (1,699 ft)Populasi (2013-12-31)[1] • Total1.184 • Kepadatan0,66/km2 (1,7/sq mi)Zona waktuWET/WMPET (UTC+1/+2)Kode pos84550Kode area tele...

 

Чет Гантлі Народився 10 грудня 1911(1911-12-10)[1][2][2]Кардвелл, Джефферсон, Монтана, СШАПомер 20 березня 1974(1974-03-20)[1][2][2] (62 роки)Біг Скай·рак легеньКраїна  СШАДіяльність ведучий новин, телеведучий, журналіст, акторAlma mater Вашингтонський університет,&...

William Morton Wheeler, 1910 William Morton Wheeler (* 19. März 1865 in Milwaukee; † 19. April 1937 in Cambridge (Massachusetts), USA) galt Anfang des 20. Jahrhunderts als die anerkannte Autorität auf dem Gebiet der Erforschung von Ameisen und anderen sozialen Insekten. Er gilt weithin als der erste bedeutende Ethologe Nordamerikas.[1][2] Inhaltsverzeichnis 1 Leben 2 Wirken 3 Ehrungen 4 Literatur 5 Weblinks 6 Belege Leben William Morton Wheeler begann sein Studium an der G...

 

Sekolah katedral Trondheim, yang didrikan pada 1152, adalah sekolah tertua di Norwegia. Sekatang, Katedralskole dijadikan sebagai sekolah menengah. Sekolah katedral dimulai pada Abad Pertengahan Awal sebagai pusat pendidikan terapan, beberapa diantaranya berevolusi menjadi universitas abad pertengahan. Sepanjang Abad Pertengahan dan seterusnya, mereka dikomplemensikan oleh sekolah monastik. Beberapa sekolah katedral awal, dan pendirian terkini, masih berlanjut pada zaman modern. Sumber NN (19...

 

هذه المقالة يتيمة إذ تصل إليها مقالات أخرى قليلة جدًا. فضلًا، ساعد بإضافة وصلة إليها في مقالات متعلقة بها. (أغسطس 2019) (242450) 2004 QY2 موقع الاكتشاف مرصد سايدنغ سبرينغ  تاريخ الاكتشاف 20 أغسطس 2004  الأسماء البديلة 2004 QY2  فئةالكوكب الصغير كويكبات أبولو  الحضيض 0.566676441014225 وحدة...

Japanese anime television series This article does not cite any sources. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Maeterlinck's Blue Bird: Tyltyl and Mytyl's Adventurous Journey – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (January 2021) (Learn how and when to remove this template message) Maeterlinck's Blue Bird: Tyltyl and Mytyl's Adventurous JourneyCover...

 

SinalcoJenisMinuman ringanNegara asalDetmold, JermanDiperkenalkan1902; 120 tahun lalu (1902)Situs webwww.sinalco.com Lembar saham Sinalco AG di tahun 1923[1] Gedung Sinalco di Detmold Sinalco merupakan sebuah merek minuman ringan berkarbonasi asal Jerman yang pertama kali muncul di tahun 1902. Kini masih beredar di sekitar 40 negara, Sinalco mengklaim dirinya sebagai merek minuman modern paling tua yang pernah ada di Eropa. Hak pengelolaan merek minuman ini kini dikelola dua peru...

 

Letnan Kolonel (Pnb)Heru AtmodjoInformasi pribadiLahirHeru Atmodjo(1929-01-03)3 Januari 1929 Bondowoso, Jawa Timur, Hindia BelandaMeninggal29 Januari 2011(2011-01-29) (umur 82) Jakarta, IndonesiaKebangsaan IndonesiaSunting kotak info • L • B Letnan Kolonel Heru Atmodjo (3 Januari 1929 – 29 Januari 2011) adalah penerbang Angkatan Udara Republik Indonesia. Masa bakti dan profesionalismenya dimulai sejak menjadi pelajar pejuang pada masa revolusi Indonesia hing...

City in California, United States City in California, United StatesLindsay, CaliforniaCityLindsay City HallLocation of Lindsay in Tulare County, California.Lindsay, CaliforniaLocation in the United StatesCoordinates: 36°12′N 119°5′W / 36.200°N 119.083°W / 36.200; -119.083CountryUnited StatesStateCaliforniaCountyTulareIncorporatedFebruary 28, 1910[1]Area[2] • Total2.72 sq mi (7.05 km2) • Land2.72 sq...

 

Eurovision Song Contest 2017Country BulgariaNational selectionSelection processInternal selectionSelection date(s)13 March 2017Selected entrantKristian KostovSelected songBeautiful MessSelected songwriter(s)Borislav MilanovSebastian ArmanJoacim Bo PerssonAlex OmarAlexander V. BlayFinals performanceSemi-final resultQualified (1st, 403 points)Final result2nd, 615 pointsBulgaria in the Eurovision Song Contest ◄2016 • 2017 • 2018► Bulgaria participa...

 

For the Anna Kavan novel, see Sleep Has His House (novel). For the Scott Barley film, see Sleep Has Her House. This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Sleep Has His House – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (May 2021) (Learn how and when to remove this template message) 2000 studio album...

Railway station in Nottinghamshire, England FiskertonGeneral informationLocationFiskerton, Newark and SherwoodEnglandGrid referenceSK729520Managed byEast Midlands RailwayPlatforms2Other informationStation codeFSKClassificationDfT category F2Passengers2017/18 32,8222018/19 37,1022019/20 36,7082020/21 4,2842021/22 16,198 NotesPassenger statistics from the Office of Rail and Road Fiskerton railway station, is on the Nottingham to Lincoln Line, situated 3 mi (4.8 km) south-east of the s...

 

Character from the television franchise Ben 10 Lucky Girl (character) redirects here. For the television episode, see Lucky Girl (Ben 10). Fictional character Gwen TennysonBen 10 characterGwen Tennyson as depicted in (from left to right, top to bottom) Ben 10 (2005), Ben 10: Alien Force (Season 1-2, Season 3), Ben 10: Omniverse, and Ben 10 (2016).First appearanceAnd Then There Were 10 (2005)Last appearanceAlien X-Tinction (2021)Created by Duncan Rouleau Joe Casey Joe Kelly Steven T. Seagle Po...

 

Czech actress (born 1980) This biography of a living person needs additional citations for verification. Please help by adding reliable sources. Contentious material about living persons that is unsourced or poorly sourced must be removed immediately from the article and its talk page, especially if potentially libelous.Find sources: Zuzana Vejvodová – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (January 2013) (Learn how and when to remove this templa...

Ganda putra pada Kejuaraan Dunia BWF 2023LokasiRoyal ArenaLokasiKopenhagen, DenmarkTanggal21–27 AgustusPeserta47 dari 29 negaraPeraih medali  Kang Min-hyukSeo Seung-jae   Korea Selatan  Kim AstrupAnders Skaarup Rasmussen   Denmark  Aaron ChiaSoh Wooi Yik   Malaysia  Liang WeikengWang Chang   Tiongkok ← Tokyo 2022Paris 2025 → Kategori di Kejuaraan Dunia BWF 2023TunggalputraputriGandaputraputricam...

 

Virtual tabletop software for roleplaying games Fantasy GroundsDeveloper(s)SmiteWorks USA, LLCInitial release2004; 19 years ago (2004)Stable release4.1.17 Operating systemMicrosoft Windows, Mac OS X, LinuxAvailable inEnglishTypeVirtual tabletopWebsitewww.fantasygrounds.com Fantasy Grounds is a virtual tabletop application, which contains a set of tools to assist players of tabletop role-playing games playing either in person or remotely. History Fantasy Grounds was first rel...

 

1983 video game 1983 video gameAquatronPublisher(s)Sierra On-LineDesigner(s)Justin GrayPlatform(s)Apple II, Atari 8-bitRelease1983Genre(s)Scrolling shooter Aquatron is a horizontally scrolling shooter written by Justin Gray[1] and published by Sierra On-Line for the Apple II and Atari 8-bit family[2] in 1983. Aquatron's gameplay is inspired by the 1981 arcade game, Defender. Gameplay Gameplay screenshot (Atari 8-bit) In Aquatron the player controls a fighter tasked to defend a...

Questa voce sull'argomento palazzetti di pallavolo è solo un abbozzo. Contribuisci a migliorarla secondo le convenzioni di Wikipedia. Palazzetto dello sport ArcellaPalaSpiller Informazioni generaliStato Italia UbicazionePiazzale Azzurri d'Italia, 9 - Quartiere 2 Nord - 35134 Padova ProprietarioComune di Padova (gestito da Pallavolo Padova) ProgettoSettore infrastrutture e impianti sportivi del Comune di Padova Informazioni tecnichePosti a sedere1300[1] StrutturaRettangolare...

 

Artikel ini tidak memiliki referensi atau sumber tepercaya sehingga isinya tidak bisa dipastikan. Tolong bantu perbaiki artikel ini dengan menambahkan referensi yang layak. Tulisan tanpa sumber dapat dipertanyakan dan dihapus sewaktu-waktu.Cari sumber: Ngemplak Kidul, Margoyoso, Pati – berita · surat kabar · buku · cendekiawan · JSTOR Ngemplak KidulDesaNegara IndonesiaProvinsiJawa TengahKabupatenPatiKecamatanMargoyosoKode pos59154Kode Kemendagri33...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!