Қытай Республикасы[1][2] (қыт. дәст. 中華民國, жеңіл. 中华民国, пінин: Zhōnghuá Mínguó) — 1912 жылдан 1949 жылға дейін Шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Оған континенталды Қытайдың қазіргі аумақтары және кейбір тарихи жерлер, соның ішінде Моңғолия (1919—1921) және Тайвань аралы (1945—1949) кірді. Республикадан бұрын Қытайдың соңғы империялық Цин әулеті болды. 1945—1949 жылдардағы азаматтық соғыстан кейін Қытайда билік еткен Гоминьдан партиясының жақтастары Тайваньға шегінуге мәжбүр болды, оның саяси құрылымы әлі күнге дейін Қытай Республикасынан сабақтастықты сақтап келеді, ал елдің материгінде Коммунистік партия Қытай Халық Республикасын жариялады[4][5][6][7][8].