Қызылой газ кен орны


Қызылой газ кен орны
Ел Қазақстан
АймақАқтөбе облысы
Ашылған уақыты1967 жыл

Қызылой газ кен орныАқтөбе облысы Шалқар ауданы Байзақ газ кен орнынан батысқа қарай 35 км жерде орналасқан. Кен орны 1967 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Қызылой көтерілімінің аумағы 19Ө13,5 км, амплитудасы 100 м антиклиналь қатпар түрінде. Эоцен қимасынан (ақсазды және құм қабаттары) 3 газ шоғыры табылған.

Жатыс сипаты

Ақ сазды шөгінділердің ортаңғы бөлігінен тұратын негізгі газ горизонты 439 м тереңдікке жайылып, саз қабаттарымен кезектесе түзілген ұсақ түйіршікті сазды алевролиттерден құралған. Алевролитті жыныстың ашық кеуектігі 37,6%. Коллектордың жалпы қалыңдығы 13,5-17,9 м. Тиімді газға қаныққан қалыңдығы 8,0 м, газға қанығу коэффиценті 0,65. Ақ сазды горизонттың қабат қысымы 4,8-5,0 МПа, температурасы 32°С. 15 мм диафрагмадағы газдың тәуліктік өнімділігі 93 мың м3.

Құрамы

Газ құрамында метан 84,5-95,5%, ауыр көмірсутек 0,4%, азот 8,3%, көмір қышқылы 1,5%, аргон 0,05%, гелий 0,015-0,031%. Құм горизонтындағы газ құрғақ, 92% метаннан, 0,7% этаннан, 0,9% ауыр гомологтардан, 6% сирек газды азоттан, 0,9% көмір қышқылынан тұрады. Кен орны өндірістік игеруге дайындалған.[1]

Дереккөздер

  1. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!