Қаратал-Жапырақ мемлекеттік қорығы (қыр. Каратал-Жапырык мамлекеттик коруг) — Қырғызстан Республиканың Нарын облысында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аймақ. 1994 жылы құрылған. Қазіргі уақытта мемлекеттік қорықтың жалпы аумағы 36 393 гектарды құрайды. Қорық 3 ерекше қорғалатын аумақтан тұрады: Қаратал-Ашатас, Соңкөл және Шатыркөл. Ол бірегей табиғи кешендерді сақтау, Орталық Тәңір тауының флорасы мен фаунасының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғау менен аймақтық экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін құрылған.