Қазақтың сырт киімдері

Қазақтың сырт киімдері - ертеде ата-бабаларымыз, әжелеріміз алуан түрлі киім түрлерін тіккен. Олар: тон, ілік тон, күпі, ішік, шекпен, шапан, камзол, кеудеше, аба, тайжақы, кәжекей, белдемше, қырмызы тон, кіреуке, қамқа тон.[1]

Тон

Толық мақаласы: Тон

Тон - иленген қой терісіне жүнін ішіне қаратып тіккен сырт киім. Тонның түрлері көп:

  • жабағы тон,
  • бүрмелі тон,
  • тұлып тон,
  • зерлі тон,
  • жарғақ тон.

Ілік тон

Ілік тон - құдалыққа барғанда сыйға тартатын әдемі тон.

Күпі

Күпі арасына жүн салып, тасталып тігіледі.

Ішік

Ішіктің іш жағынан аңның, малдың терісі салынып, сыртты мақпал, қалың жібек матамен тысталады. Ішік түрлері:

  • түлкі ішік,
  • қасқыр ішік,
  • бұлғын ішік,
  • жанат ішік,
  • қоян ішік,
  • зерлі ішік.

Шекпен

Шекпен - жүннен иіріліп, өрмекпен тоқылған сырт киім.

Шапан

Шапан - астарына мақта, жүн салынып тігілген немесе астарсыз мақпалдан тігілген сырт киім.

Камзол

Камзол - жеңсіз жеңіл киім.

Кеудеше

Кеудеше - жас түйенің жүнінен иіріп, не болмаса түбіттен тоқылған жағасыз киім.

Аба

Аба - сырт киімнің сртынан киетін жамылғыш.

Тайжақы

Тайжақы - құлын немесе тайдың терісіне иленіп, астарланған, көктемде немесе күзде киетін сырт киім.

Кәжекей

Кәжекей - жеңсіз, жағасы кеңірек ойылған, етегі белден төмен түсетін келіншектердің сырт киімі.Қазақтың ұлттық киімі.

Белдемше

Белдемше - той-думандарда көйлек үстінен киетін сәнді киім. Көбінесе жаңа түскен келіндерге арнап тігіледі.

Қырмызы тон

Қырмызы тон - қыз-келіншекткрге арнап қызыл масаптыдан тігілген шапан.

Кіреуке

Толық мақаласы: Кіреуке

Кіреуке - алтын тінді зерлі жіппен тігілген, аса қымбат жібек шапан.

Қамқа тон

Толық мақаласы: Қамқа тон

Қамқа тон- жұмсақ қып иленген қой терісінен тігіледі. Жағасына аң терісі салынады. Қаусырма белдігі бар қымбат та сәнді сырт киім.

Дереккөздер

<references>

  1. "Таң-Шолпан", 2004, №4, шілде-тамыз

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!