Қамқа тон – зерлі жібек матамен тысталған тон. Ол үшін ең алдымен иленген теріден тон даярлап, сыртын зерлі қамқамен тыстаған. Әдемілігін арттыру үшін түрлі бағалы аң терілерінен қайырма жаға салып, етек-жеңін жұрындаған. Қамқа тонды ерлер де, әйелдер де киген. Әйелдердің тоны қапсырмаланса, ерлер белдік арқылы буынған.
Сипаты
ҚР ҰМ қорындағы ақ түлкінің терісінен тігілген қамқа тонның иық тігісі қиғаш түскен, қондырма жеңді. Жеңін қиықтан құрап, ұзын бойынан екі жерден қусырған.
Артқы бойын үш бой матаның енімен алған, жақтау қусырмалары, белінде танап тігілген қиық қатпарлары бар. Су күзеннің терісінен қайырма жаға салынған. Етек-жеңіндегі жұрынға жалғастыра жылтыр оқа басқан. Жалпы ұзындығы 114 см, екі иіннің аралығы 38 см, жеңі 61 см, етегінің шалғайы 186 см, өңірінің ені (етегінде) 39 см.[1]
Дереккөздер
↑ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1969;
Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі. Ғылыми каталог (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Ғылыми редактор және жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. Алматы: Өнер, 2009;
ҚӘТС. 9-том. Алматы: Арыс, 2008.
Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!