Шапқыншылық |
|
Дата |
1603-1611
|
---|
Орын |
Қазақ және Бұхар хандығы
|
---|
Себеп |
Сыр бойындағы қалалар үшін
|
---|
Нәтиже |
Қазақ хандығының жеңісі. Ташкент және Сырдария өзенінің бойындағы қалалардың Қазақ хандығының құрамына өтуі.
|
---|
Қарсыластар |
---|
|
Қолбасшылары |
---|
|
|
Қазақ-бұқар соғысы - 1598 жыл мен 1624 жылға дейін созылған Қазақ хандығы мен Бұқар хандығының арасындағы қарулы қақтығыстардың сериясы.
Соғыстың алғышарттары
XVI ғасырдың аяғында Қазақ хандығы мен Бұхар хандығының арасында, Сырдарияның бойындағы және Ферғана даласындағы шұрайлы жерлер мен сол арқылы өтіп жатқан сауда жолдарына талас басталады. 1588 жылы қазақтар мекендеген және қазақ қонысы болған Ташкент, Шахруийа және Худжанд өңіріндегі жұрт бұқар ханы Абдулла II ханның жасауыл әскерлерін талқандап, әкімдерін қуады, Жан-Әлі деген қазақ сұлтанын өздеріне басшы етіп тағайындайды. Бірақ көп ұзамай Абдулла хан қайта әскер жинап, қазақ рулары бастаған көтеріліс ұрыс майданына айналады. Бұл жағдай қазақ ханына үлкен демеу береді.[1]
1596-1598 жылдары Балх ханы Абдулмумин өз әкесі Абдоллахпен билікке таласып, қарсы шығып, соғысады. Осы оңтайлы кезенді пайдаланып, 1598 жылы Тәуекел ханның өзі бастаған қазақ аламандары Ташкентке жорық жасап бұқар әскерлерін талқандап, қаланы алды. Сол жылы қазақ әскерлері Ферғана даласыңдағы Ақсы және Әндіжан қалаларын өзіне қаратады. Тәуекел хан Самарқанқа жасаған жорығында сол қаланың түбінде бұқар ханы Абдулла әскерін оны қолдаған пуштун жасақтары және көрші Хорасан, Седжестан, Мәуеренахрдан келген ең мықты, жалдамшы сарбаздарды жалпы саны 100 мыңға жиналған әскерді жеңіп, артынша Самарқант қаласын алып, Мианқалаға дейінгі жерді иеленеді. Сол заманның шежірешілері: «Сайыпқыран Абдулла хан күйіктен (жүрек талмасы) өлді», – деп жазады.
Тәуекел өзінің туысы Есім сұлтанды 20 мың әскермен Самарқанд қаласың бақылауыңда ұстауда қалдырып, өзі 70 мың әскермен Бұқар қаласына жорыққа аттанады. 20 күн қаланы қоршап, соғысып, қатты жараланып, кейің өзі Ташкент қаласына шегініп ауыр жарақаттан қаза болады. Тәуекел ханның орнын басқан Есім хан 1598 жылы күзде Бұқар мемлекетімен бітім шартын жасасады. Бұл шарт бойынша Самарқанд қаласы Бұқаралықтарға өтеді, ал Түркістан, Отырар, Сауран бастаған отызға жуық шаһармен қоса, Ташкент қаласы бүкіл уәлаятымен Қазақ Ордасының құрамына енеді. Сонымен қатар, қазақтар Әндижан қаласымен бірге Ферғана жазирасының солтүстік бөлігін алады, Қызылқұмнан аса төгіліп, Әмудария мен Сырдария өзендерінің орта аралығына дейін ұлғаяды.
Екінші қазақ-бұқар соғысы
Қазақ хандығының ішкі жағдайын аңдып отырған Бұхар ханы бұрынғы бітім шартты бұзып, Қазақ хандығының жеріне жаңа жорық ұйымдастырады. Бұхар ханы кешегі Тәуекел ханмен сәтсіз соғыста қолдан шыққан Ташкент, Сайрам, Әндіжан жерлерін қайтарып алуды көздеді. Сонымен қатар қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне асырып тастауды мақсат етті. 1603 жылы Айғыржар деген жерде үлкен шайқас болды. Бұл шайқаста Бұхар хандығының әскері ойсырай жеңіліс тауып, тым-тырақай қашты. Бұхар әскерлері Самарқан бекінісіне тығылады. Қазақ хандығының әскерлері жауды талқандап мол олжамен Ташкентке қайтып оралды.
1611 жылы бұқар әскерін Имамкули хан өзі басқарып келеді. Ташкент түбінде өткен бұл ұрыста қазақтың қалын қолын Есім хан басқарды. Бұл шайқаста Бұхар ханы жеңіліс тауып, кері шегінеді. Кейін қайта қол жинап Қаратау, Аспара өңіріне шабуыл, бейғам ауылдар мен қалаларды үлкен шығынға ұшыратты. Бұған жауап ретінде 1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді. Бұхар хандығының әскерін қирата жеңді.
1620 жыл - 1621 жылдары болған төртінші, бесінші, алтыншы қазақ – бұқар соғысында Қазақ хандығының әскерін Тұрсын хан бастап шығып, қазақтар толық жеңіске жетті.
1627 жылғы ең соңғы, жетінші қанды шайқасқа Есім хан Қазақ хандығының әскерін өзі бастап келіп, кескілескен шайқаста жеңіске жетті. Сөйтіп оңтүстік шекарасын берік бекітеді. Бұхара ханы Имамкули жеңілісті мойындайды.[2]
Дереккөздер
- ↑ https://e-history.kz/kz/news/show/3339/ Тәуекел хан
- ↑ https://www.kstu.kz/wp-content/uploads/docs/restricted/lib/portfolio/folder/kz/kazakhstan-tarihy/Kazakstan%20tarihy%20lektsii.pdf Қазақстан тарихы