Хорхе Вальдано |
Жалпы мағлұмат |
---|
Толық аты |
Хорхе Альберто Франсиско Вальдано Кастельянос
|
---|
Лақап аттары |
El Filósofo, Valdanágoras, El Poeta
|
---|
Туған күні |
4 қазан 1955 (1955-10-04) (69 жас)
|
---|
Туған жері |
Лас-Парехас, Санта-Фе , Аргентина
|
---|
Азаматтығы |
Аргентина
|
---|
Бойы |
188
|
---|
Позиция |
шабуылшы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
карьерасын аяқтады
|
---|
|
- ↑ Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
- ↑ Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Хорхе Альберто Франсиско Вальдано Кастельянос (ис. Jorge Alberto Francisco Valdano Castellanos; 4 қазан, 1955, Лас-Парехас, Санта-Фе, Аргентина) — аргентиналық футболшы, 1970-80 жылдары Аргентинаның сапында ойнаған шабуылшы.
Карьерасы
16 жасынан "Нюэллс Олд Бойз" клубында ойнай бастады. Төрт жылдай ойнап, Еуропаға келді де, кәрі құрлықта тұрақтап қалды. "Депортиво Алавес", "Реал Сарагоса" клубтарында ойнап, 1984 жылы "Реалға" ауысты. Корольдық клуб сапында 40 гол соғып, екі жыл қатарынан УЕФА Кубогын ұтып алды.
Ұлттық құрама сапында екі әлем чемпионатына қатысты. Әсіресе 1986 жылғы әлем біріншілігі Вальдано үшін табысты болды, топтық турнирде Болгария мен Оңтүстік Кореяның қақпасына бір-бірден гол соғып, құраманың 1/8 финалға шығуына көмегі тиді. Кейін финалдық матчта ГФР-дің қақпасына құраманың екінші голын соқты. Бұл матчта Аргентина 3:2 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.
Футболшылық ғұмырын аяқтаған соң комментатор да, бапкер де болды. Кейін "Реалдың" бас директоры болды да, 2011 жылы ол қызметтен кетті.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
- Аргентина чемпионы: 1974
- Жастар арасындағы әлем чемпионы: 1979
- Испания лига кубогы: 1985
- УЕФА кубогы: 1985, 1986
- Испания кубогы: 1986, 1987, 1988
- Әлем чемпионы: 1986
Бапкер ретінде
Сілтемелер