Deportivo Alavés, S.A.D.
1921
Мендисорроса, Витория-Гастейс
19 000
Аcьер Гаритано
Ла Лига
«Депортиво Алавес» (Deportivo Alavés) немесе қысқаша «Алавес» — Испанияның Витория қаласындағы футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын "Мендисорроса" стадионында өткізеді. Қазіргі таңда Испания Ла Лигасында ойнайды.
Клуб 1921 жылы құрылды. Испания Ла Лигасындағы ең жоғары көрсеткіші — 1999/2000 жылғы 6-орын. Осы жетістіктен соң УЕФА кубогына қатысып, 2001 жылы финалға шықты. "Ливерпульмен" негізгі уақытта 4:4 есебімен тең ойнады да, 117-ші минутта гол жіберіп алды. Айта кету керек, бұл ойында "Алавестің" екі ойыншысы қуылған-ды.
2002/03 жылғы маусымда да УЕФА кубогына қатысты, бірақ екінші кезеңде жарыстан шығып қалды.
2019/2020