Франциядағы президенттік сайлау 2012 жылдың 22 сәуірінде (бірінші тур) және 6 мамырында (екінші тур) өтті.
2012 жылдың 22 сәуірінде өткен бірінші турдың нәтижесі бойынша Франсуа Олланд 28,63 % жинаған, ал оның басты бәсекелесі Николя Саркози 27,18 % дауыс жинаған. Бұл екі кандидат екінші турға өтуге құқықтарын алды. Ал Марин Ле Пен (17,90 %), Жан-Люк Меланшон (11,10 %) және Франсуа Байру (9,13 %) екінші турға өту үшін жеткіліксіз дауыс жинаған. Дауыс беруден қалыс қалғандар 20,51%-ға тең.
6 мамыр күні өткен сайлаудың екінші туры нәтижесі бойынша, Франсуа Олланд сайлауда берілген барлық дауыстар санының 51,67 % жинап, Францияның 27-ші президенті болып сайланды. Николя Саркози Францияның президенті ретінде 2012 жылдың 15 мамырына дейін қалады.
Кандидаттар тізімінің қайнар көзі:
Бірінші тур нәтижелерінің қайнар көзі: Ministère de l'Intérieur - First Round
Екінші тур нәтижелерінің қайнар көзі :