УЕФА Чемпиондар Лигасы 2019/20
23 тамыз 2020
«Эштадиу да Луж», Лиссабон
УЕФА Чемпиондар лигасының 2020 жылғы финалы 23 тамызда Лиссабондағы "Эштадиу да Луж" стадионында өтіп[1], "Пари Сен-Жермен" және "Бавария" клубтары кубокты сарапқа салды.
"Бавария" футболшылары 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды 59-минутта Кингсли Коман соқты. Айта кетейік, Коман "Пари Сен-Жермен" клубының түлегі болатын. "Бавария" сапында одан бөлек тағы бір француз — Корантен Толиссо алаңға шықты. Сондай-ақ париждіктер сапында да отандастарына қарсы ойнаған екі германиялық футболшы алаңға шықты: Тило Керер мен Юлиан Дракслер.
Бұл "Баварияның" тарихтағы алтыншы жеңісі.
Әлемді жайлаған COVID-19 індетінің кесірінен матч көрерменсіз өтті.
Осы жеңістен соң "Бавария" УЕФА Суперкубогына жолдама алды.
1992/93 • 1993/94 • 1994/95 • 1995/96 • 1996/97 • 1997/98 • 1998/99 • 1999/2000 • 2000/01 • 2001/02 • 2002/03 • 2003/04 • 2004/05 • 2005/06 • 2006/07 • 2007/08 • 2008/09 • 2009/10 • 2010/11 • 2011/12 • 2012/13 • 2013/14 • 2014/15 • 2015/16 • 2016/17 • 2017/18 • 2018/19 • 2019/20 • 2020/21 • 2021/22 • 2022/23 • 2023/24 • 2024/25