УЕФА Чемпиондар Лигасы 2008/09
27 мамыр 2009 жыл
Олимпико, Рим
УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2009 — УЕФА Чемпиондар Лигасының 2008/09 маусымының шешуші ойыны. 2009 жылы 27 мамырда Римдегі Олимпиадалық стадионда өтті. Испанияның "Барселона" клубы Англияның "Манчестер Юнайтед" клубын 2:0 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды.
Ойынды манчестерліктер ширақ бастады. Алғашқы 10 минутта төрт қауіпті соққы бағыттаса да, есеп ашылған жоқ. Каталондар бірінші шабуылды-ақ нәтижелі соққы жасады: 10 минутта Андрес Иньестаның добын Самюэль Это'о жақын жерден теуіп торға түсірді. Мұнан соң "Барселона" өз басымдығын берген жоқ.
70 минутта Хавидің әуелетіп асырған добын Лионель Месси баспен ұрып, торға түсірді. Манчестерліктер оқтын-оқтын шабуылдар жасағанымен, нәтиже шығара алмады. Барселона үшінші рет осы турнирде жеңіске жетті.
Бұл маусымда "Барселона" мүмкін болған жүлделердің барлығын ұтты. УЕФА Чемпиондар Лигасы, Испания чемпионаты, Испания кубогы, Испания суперкубогы, УЕФА Суперкубогы, Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. "Требл" (Испания кубогы және чемпионаты, Чемпиондар Лигасы) жасаған испандық бірінші клуб.
1992/93 • 1993/94 • 1994/95 • 1995/96 • 1996/97 • 1997/98 • 1998/99 • 1999/2000 • 2000/01 • 2001/02 • 2002/03 • 2003/04 • 2004/05 • 2005/06 • 2006/07 • 2007/08 • 2008/09 • 2009/10 • 2010/11 • 2011/12 • 2012/13 • 2013/14 • 2014/15 • 2015/16 • 2016/17 • 2017/18 • 2018/19 • 2019/20 • 2020/21 • 2021/22 • 2022/23 • 2023/24 • 2024/25