Теңіз уезі — 1922-1925 жылдары болған Қырғыз АКСР Бөкей губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Орталығы Ганюшкино ауылы болған Теңіз уезі 1922 жылы 6 мамырда жойылған І және ІІ Теңіз маңы уездерінің (округтерінің) аумағында құрылды. Бастапқыда уезде 15 көшпелі болыстар болды:
- Ақтөбе
- Бастау
- Ганюшкин
- Жиделі
- Көкарна
- Құрқұба
- Майлы
- Манас
- Мыңтөбе
- Николаев
- Сасықтау
- Сафонов
- Синеморск
- Үшеркетау
- Шолан
1923 жылы 6 сәуірде болыстардың саны қысқартылып, олардың 7-уі ғана қалды:
- Ақтөбе. Орталығы — Ақтөбе мекені
- Бастау. Орталығы — Бастау мекені
- Құрқұба. Орталығы — Жиделі мекені
- Манас. Орталығы — Манас мекені
- Мыңтөбе. Орталығы — Мыңтөбе мекені
- Синеморская көшпелі
- Үшеркетау. Орталығы — Жанбай мекені
1925 жылы 18 мамырда Теңіз уезі таратылды. Оның аумағы Орал губерниясының Бөкей уезіне өтті.
Сілтеме
- Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан). Алматы, 1959