Теңіз түзілімдерінің жіктемесі — қазіргі теңіз түзілімдерін топтарға, типтерге және типшелерге бөлу жүйесі. Ең соңғы Т.т.ж. кешенді (литологиялық) сипатты, шөгінділердің заттық генетикалық және түйірөлшемдік құрамдарын ескереді (Страхов, 1953; Безруков және Лисицын, 1960). Бұл жіктеме бойынша қазіргі шөгінділердің негізгі генетикалық топтары бөлінеді:терригендік, биогендік, вулканогендік, хемогендік,полигендік; заттық құрамының басты құрамбөліктері бойынша (сандық талдау негізінде) — сынықты,сазды,окті,кремнийлі, темірлі және т.б. шөгінділерге бөлінеді, оларда бұл құрамбөліктердің мөлшері мен генезисі әрі карай нақтыланады (мыс., әкті фораминиферлі шөгінділер, аз кремнийлі диатомды шөгінділер және т.б.). Түйірөлшемдік құрамы (басым фракциясының өлшемі немесе кейде бөлшектердің медианалық диаметрі) бойынша параллель жіктеу жүргізіледі: зор сынықты шөгінділер (жақпартас,шойтас,малтатас,гравий),құмдар (ірі, орташа,ұсақ), құмайттар (ірі, ұсақ) және пелит (лай) шөгінділер мен олардың аралас типтері. [1]
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: