Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

Теңіз-Қорғалжын көмір бассейні

Теңіз-Қорғалжын көмір бассейні — кен орны. Астана қаласынан 120 км жерде орналасқан. Аумағы 400 км². Кен орны туралы алғашқы мәліметтер 1879 ж. алынды. XІX ғ. аяғында «Перфильев, Рибен и др.» компаниясы, Қырғыз таукен қоғамы игере бастады. Негізгі геологиялық барлау жұмыстары 1947 – 51, 1982 – 84 жүргізілді.

Құрылымы жағынан бассейн ірі Шідерті синклинарийіне жатады.

Пайдалы көмір Сарыадыр және Қосмұрын кен орындарында шоғырланған (5 – 18 м). «Надежный» көмір қабаты бассейндегі ең қуатты қабат болып табылады. Көмірі кокстеуге келмейді. Бассейн көмірінің күлділігі жоғары (20 – 40%), қиын байытылатын энергетикалық шикізат.

Көмір қоры 2684 млн. т, оның ішінде баланстық көмір 591 млн. т, оның 82 млн. т көмірі Сарыадыр кен орнына қарасты. Т-Теңіз-Қорғалжын көмір бассейні игеруге қолайлы жағдайда сақталған.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ Энциклопедиясы


Prefix: a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Portal di Ensiklopedia Dunia

Kembali kehalaman sebelumnya