Су асты спорты

Су асты спорты – арнайы спорт құралдарын пайдаланып су астында жылдам жүзу, сүңгу, бағдарлау, нысана көздеуге негізделген спорт түрлерінің бірі.

Аквалангімен жүзу не белгіленген қашықтыққа ластамен сүңгіп жету - су асты спортының шапшаң түрлеріне жатады. Сүңгуде 15, 25, 50 м қашықтық, су астында жүзуде 100, 200, 400, 800 м; ластамен жүзуде 100, 200, 400, 800, 1500, 1850 және 3000 м-ден жоғары (марафондық) қашықтық белгіленеді. Су астындағы бағдарлау “аймақ” және “бағдар” деп аталатын екі жаттығудан (қос сайыстан) тұрады. Акваланг киген спортшы жүзу бағытын өзгертіп, белгілі бір қашықтықтан өтеді. Сондай-ақ су астында бағдарлауда топтық жаттығулар да орындалады. Жарыс нәтижесі спортшы қашықтықты қанша уақытта өтіп, бағдарлауды қаншалық дәл орындағанымен бағаланады. Су астында нысана көздеуде қозғалмайтын және жылжымалы нысаналар белгілі бір қашықтыққа қойылады. Су асты спорты ластаның (француз. Л. де Корлье, 1933) маскамен тыныс алу түтігінің (француз. М.Форье 1938), аквалангінің (1943) шығуына байланысты күшті дамыды.

Қазақстанда 1960 жылдан пайда болды. Республика тәуелсіздік алған 1991 – 2003 жылдар аралығында Су асты спортышылары әлем, Еуропа чемпионаттары мен әлем кубогы және халықаралық турнирлерде 186 алтын, 210 күміс, 200 қола медаль алды.[1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!