Акваланг

Акваланг (лат. aqua — су және ағылш. lung - жеңіл) — адамның су астында дем алуына арналған аркаға асатын кұрал. Дем автоматты ауа қысымын төмендететін клапанмен өңеш бойынша берілген баллондағы тығыз ауа арқылы қамтамасыз етіледі. Акваланг 40 м-ге дейін терендікке түсу үшін қолданылады.[1]

Тарихы

  • Леонардо да Винчи қазіргі заманауи аквалангқа ұқсайтын су астында ауамен демалуға мүмкіндік беретін аппаратты жасап шығарған. Леонардоның аппаратында арнайы былғарыдан тігілген киімге ауа өтетін шланг жалғанған. Ал шлангтың екінші беткейі судың бетіне шығып тұруы тиіс болған. Қайта өрлеу дәуірінің басты өнертапқышы болған да Винчи Венеция королінің талабы бойынша альтернативті аквалангты жасайды. Себебі, Осман Түріктер империясы Еуропаның сауда-өнеркәсіп орталығы болған алып шаһар Венецияны алғысы келген болатын.Да Винчидің жоспары бойынша әскерлер судың астымен жүріп барып, түріктердің кемесінің астын жару керек болған. Дегенмен, жоспар соңына дейін аяқталмай, да Винчи өзінің Флоренциядағы үйіне қайтып кетеді. Осылай жарты жолда жасалмай қалған аквалангті араға 5 ғасыр салып, Жак-ив Кусто жетілдіреді.
  • Жак-ив Кусто жастайынан теңізде саяхаттауға қызығып, су асты әлемі туралы білгісі келетін. Басты мәселе, судың астында ұзақ уақытқа дейін қала алу болғандықтан, аквалангты жасауға бет бұрады. Келесі күрделі мәселе ауа қысымының су астында шектеулі болуында болды. Бірақ, оның шешімі екінші дүниежүзілік соғыстың кезінде табылды. Сол кезеңде неміс инженері кәдімгі табиғи газды автокөліктің карбюраторына бағыттау арқылы газбен қозғалатын көлікті жасап шығарған болатын. Кусто көліктегі газ реттеуішті алып, ауаны нығыздайтын альтернативті конденсаторға қол жеткізеді. Осылай ауа мөлшерін қамтитын, су астында дем алуға арналған контейнер (Акваланг алғашында «контейнер» деп аталған) жасалынады. Ол сосын SCUBA (Self-Contained Underwater Breathing Apparatus) деп аталды. Аквалангтың жылдар өте жаңарған нұсқалары су астында дем алудан бөлек, еркін жүзуге де қолайлы бола бастады. Нәтижесінде скубаларды жасап шығару жақсы бизнес көзіне айналды.1966 жылға келіп, Кусто өзінің білікті сүңгуірлері мен инженерлерін жинап, Калипсо кемесін су астын зерттеуге заманауи тұрғыдан ыңғайластырып, қайта жасап шығарады. Одан кейінгі Кустоның командасының мұхит астында жасаған зерттеулері көзі ашық оқырманға белгілі. Қазіргі кезде скубалар әрі әскери, әрі ғылыми бағытта қолданылады.

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!