Сент-Джорджес (ағылш. St. George's) — Солтүстік Америкадағы Гренада аралындағы қала, Гренада астанасы. Елдің әкімшілік және саяси орталығы. Халқы 36823 адам (2011).
Сент-Джорджестің негізін 1650 жылы французтар қалаған. 1762 жылы британдардың бақылауына өтті және 1974 жылы Гренад тәуелсіздік алғанға дейін олардың колониясы болып қалды[1].
Қала Гренада шығанағына орналасқан. Айналасын биік таулар қоршап тұр. Қала канар пальмасы, қызыл гүлдер және түрлі-түсті ғимараттармен безендірілген.
Дереккөздер
Сілтемелер