Фор-де-Франс

Қала
Фор-де-Франс
Fort-de-France
Елтаңбасы
Логотипі
Әкімшілігі
Ел

 Франция

Теңіздің арғы жағындағы аймақтар

Мартиника

Тарихы мен географиясы
Координаттары

14°35′59″N 61°4′59″W / 14.59972°N 61.08306°W / 14.59972; -61.08306

Жер аумағы

44,21 км²

Тұрғындары
Тұрғыны

125 036[1] адам (2014)

Сандық идентификаторлары
Пошта индекстері

97200, 97234

fortdefrance.fr  (фран.)

 Басқа мағыналар үшін Фор-де-Франс (айрық) деген бетті қараңыз.
Қала орталығында

Фор-де-Франс (фр. Fort-de-France) (1672 - 1793 жылдары Форт-Рояль) — Мартиниканың әкімшілік орталығы, Францияның теңіз арғы аумағы, Кариб теңізінде орналасқан аттас аралдарды қамтиды. Вест-Индияның ең ірі француз қаласы. 2008 жылғы санақ бойынша халық саны 89 000 адамды құрады. Қала маңындағы халық санын қосқанда: 134 727 адам (1999 жылғы санақ бойынша, 1974—100 мың). Қант, ром, консервіленген жемістер мен какао экспорттайды.

География

Фор-де-Франс Фор-де-Франс мүйісіне кірер солтүстік тұсындағы аралдың батыс жағалауында жатыр, Мадам өзенінің сағасында. Қала төмпешіктер мен теңіз арасының тар бөлшегін қамтиды. 

Климат

Қаланың климаты ылғалды тропиктік ретінде сипатталады, жыл бойы температураның шамалы ауытқулары байқалады. Температураның жылдық орта мөлшері 26,5 °С-ны құрайды, жаңбырдың жылдық орташа мөлшері — 1 950 мм. Температураның айрықша жоғары көрсеткіштері тамыз айынан қазан айына дейінгі аралықта байқалады (31 °С — күндізгі максимум және 24-25 °С — түнгі минимум), сондай-ақ ең төменгі қөрсеткіштер қаңтар айынан ақпан айына дейінгі аралықта байқалады (29 °С — күндізгі максимум және 22 °С — түнгі минимум).

Көлік жүйесі

Фор-де-Франсқа Халықаралық Эме Сезера атындағы (фр. Aéroport International Martinique Aimé Césaire) әуежай қызмет көрсетеді, қаланың оңтүстігіне қарай 12 шақырым жерде орналасқан, Ламентин қаласында. Сапарлар Париж (Орли), Гавану, Сан-Хуан, Пуант-а-Питр, Кайенну, Барбадос, Каракас және бірнеше қалаларға жасалады.

Халық саны

Халық санының динамикасы:

  • 1936: 52 051 адам
  • 1954: 60 648 адам
  • 1961: 84 811 адам
  • 1974: 98 807 адам
  • 1982: 99 844 адам
  • 1999: 94 152 адам
  • 2007: 89 794 адам

Кинода

Фор-де-Франста басты рөлде Хамфри Богарт ойнаған «Иметь и не иметь» классикалық голливуд фильмінің жүрісі түсірілген. 

Әдебиетте

Борис Акуниннің  «Сұңқар мен қарлығаш» атты романында аталған .

Туыстас қалалар

Дереккөздер

Сілтеме


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!