Рүстем Жарасқанұлы Әбдірашев (10 ақпан1970, Алматы) — режиссёр, суретші, сценарист.
Өмірбаяны
Н.В.Гоголь атындағы Апматы көркем сурет училищесін(1989) суретші-декоратор мамандығы бойынша; Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының театрдекорация факультетін (Мәскеу қаласы , 1993) кинорежиссер мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік заң академиясының заң факультетін (2002) құқық танушы мамандығы бойынша бітірген.
Рүстемнің суретші ретінде еңбегі сіңген «Отырардың күйреуі», «Көзімнің қарасы» фильмдері – Мемлекеттік сыйлық алған картиналар. Тіпті кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов «Көзімнің қарасы» фильміне қоюшы-суретші етіп Рүстемді сонау Мәскеуден, ВГИК-те оқып жатқан жерінен арнайы шақыртып алыпты. ВГИК-тің режиссурасын оқып келген соң Рүстем Әбдірашев өзінің жаңа кәсібіне кірісіп, алғашқы картинасын түсіреді. «Қаладан келген қыз» 2004 жылы Ресейдің Анапа қаласында өткен ТМД және Балтық елдерінің халықаралық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алады. Небәрі үш-төрт жылдың ішінде режиссер «Шәкен жұлдыздарының» бас жүлдесін де, «Ең үздік режиссура» номинациясын да («Золотой витязь» халықаралық кинофестивалі, Челябинск), «Тарланды» да, т.б. талай фестивальдерде талай жүлделерді қанжығасына байлап үлгерді.
2009 жылы «Құрақ көрпенің» кебін құшпай, дер кезінде жолға шыққан «Сталинге сыйлық» олжалы оралды.
2017 жылы ,,Алмас қылыш" атты тарихи фильмде қоюшы режисёр болды.Фильм қазақ хандығының құрылуы жайында болды. Негізі Ілияс Есенберлиннің романы бойынша жасалды.