Роберт Тору Кийосаки (ағылш.Robert Toru Kiyosaki, жапон.ロバート・トール・キヨサキ) — американдық бизнесмен, инвестор, жазушы әрі ұстаз. Көбінесе өзінің атақты «Бай әке, Кедей әке» аты кітабының арқасында танымал болды. 26 млн данамен сатылған 15 кітаптың авторы болып саналады. Финанстық жоспар негіздерін үйрететін «Ақша ағысы 101», кейнірек, «Ақша ағысы 202»атты әдістемелік методикаларын ойлап жасады.
Биография
Роберт Кийосаки мұғалімдер отбасысында дүниеге келген. Оның әкесі философиялық ғылымдар докторы және Гавайи штатының білім министрі болды. Кийосаки - Америкаға көшіп келген япондықтардың төртінші тұқымы болып саналады. Орта мектепті бітірісімен, Роберт Нью-Йорк қаласында білімін жалғастырады. Содан кейін, американдық теңіз жаяу әскерінің Корпусында және Вьетнамдағы АҚШ-тың теңіз әсекрінің қарулы күштерінің офицері әрі ұшқышы болып қызмет еткен.
Әскери қызметтен келісімен, Кийосаки «Xerox» коорпорациясының сауда агенті болып, ал 1977 жылы өз іскерлік карьерасын бастап, алғашқы болып кожа мен нейлоннан жасалған шағын бұйымдар сататын компаниясын ашады. Бұйымдарының арасында серфингпен айналасатындарға арналған әмиян да болған.
1985 жылы, Кийосаки іскерлік мансабын тоқтатып, кітап жазуда көмектескен Шерон Л. Лечтермен бірге студенттерге бизнес пен инвестирование туралы білім беретін халықаралық «Rich Dad`s Organization» компаниясын құрады.
47 жасында, ол өзінің «Жарлы Әке Кедей Әке» атты бестселлоры болып саналатын кітабын жазады. Содан кейін «Ақша аысың ширегі» және «Жарлы Әкенің Инвестиция жөніндегі Басшылығы» атты кітаптары жарық көреді. Осы үш кітабы да «Уолл-стрит джорнал», «BusinessWeek» және «Нью-Йорк таймс» секілді газеттердің алғашқы ең жақсы сатылымдағы кітаптрының қатарында болды. Алғашқы кітаптарында «тышқан жүгірісін» тоқтататын финанстық тәслдерді ұсынса, кейінгі басылымдарында бизнестің этикалық мәселелеріне көбірек көңіл бөледі.
2012 жылы, «Rich Global LLC» атты компанияларының бірі көп жылдан бері қарыздарды төлету жөніндегі соттық істен жеңіліс табады. Кийосаки компаниясы "Жарлы Әке, Кедей Әке" кітабының сайдасымен айналысқан «the learning annex» маркетингтік компаниясына 24 миллион АҚШ долларын қарыз болды. Ақырында, қарыздарын өтейге шамасы жетпеген «Rich Global LLC» банкроттыққа арыз береді.