Ресейлік әскери Ту-154 әуе апаты 2016 жылдың 25 желтоқсан күні орын алған авиациялық апат. Ресей Қорғаныс министрлігінің ұшағы Чкаловский — Хмеймим (Сирия) бағытымен ұшқан кезінде Сочи қаласының маңындағы Қара теңізге құлады.
Ұшақ бортында 84 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болған[1]. Жолаушылар ішінде — Александров атындағы ансамблінің 64 музыканты, сегіз әскери қызметкер (соның ішінде ансамблдің көркемдік жетекішісі Валерий Халилов[2]), тоғыз журналист[3][4] («Первый канал»[5], «Звезда»[6] және НТВ[7] телекомпанияларының үш қызметкерлерінен), екі федералды мемлекеттік қызметкер, соның ішінде Қорғаныс министрлігі мәдениет департаментінің директоры Антон Губанков[8]; «Справедливая помощь» қорының басшысы Елизавета Глинка[9].