Атауы
- Орыс Географиялық Қоғамы (1845—1850, 1917—1926)
- Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы (1850—1917)
- Мемлекеттік географиялық қоғам (1926—1938)
- КСРО Географиялық Қоғамы (1938—1992)
- 1992 жылдан бастап — қайтадан Орыс географиялық қоғамы.
Тарихы
1845 жылы 18 тамызда император I Николай бұйрығымен Ресей империясының Ішкі істер министрі граф Л. А. Перовскийдің Санкт-Петербургте Орыс Географиялық Қоғамын құру туралы ұсынысы қабылданды (кейінірек Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы деп атала бастады).
Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының құрылтайшылары адмиралдар И. Ф. Крузенштерн және П. И. Рикорд, вице-адмирал Ф. П. Литке, контр-адмирал Ф. П. Врангель, академиктер К. И. Арсеньев, К. М. Бэр, П. И. Кёппен, В. Я. Струве, әскери геграф, геодезист М. П. Вронченко т.б.
Императорлық Орыс Географиялық Қоғамына ең алғаш мүше болған қазақ ғалымы
21 ақпан 1857 жылы орыс ғалымы П.П. Семеновтың ұсынысымен Шоқан Уәлиханов Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының толық мүшесі болып қабылданды.