Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

Орта ғасыр саяхатшылары мен зерттеушілері

           Арабшаһ (1388-1450жж.) - араб тарихшысы, әдебиетші."Аджаиб әл-Макдур фи нәуаиб ахбар Тимір"еңбегінде Қазақстан тарихынан құнды мәліметтер келтіреді.
           Әбу Дулах (X ғасырда өмір сүрген) - ақын,саяхатшы.942ж. мұсылман елдеріне жасаған саяхаты туралы жазған "Рисаласында" Түркістан аймағындағы оғыз, қимақ, қарлұқ, тоғыз-оғыз, қырғыздар жөнінде маңызды деректер айтылған.
           Әбілғазы (1603-1664жж.) Хиуа ханы, тарихшы."Шежіре-и түрік" еңбектерінде қазақ халқының тарихынан маңызды деректер айтылған.
           Баласағұни Жүсіп (Юсуф) Хас Хажип (XI ғасырда өмір сүрген) - Орта Азия ақыны, ойшыл ғалым.Түрік тілінде жазылған "Құтағду білік" ғибрат-өнеге поэмасының кейіпкерлері, теңеулері көшпелі елдер тіршілігіне жақын.
Prefix: a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Portal di Ensiklopedia Dunia

Kembali kehalaman sebelumnya