Мұхаммед-Мақсұт Хамидоллаұлы Бекметов - (1883, бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі - 9.2.1912, Орынбор қаласы) - қоғам қайраткері, публицист.
Қарқаралы мен Омбыда білім алған. Елін азаттыққа шақырған іс-әрекеті үшін 1906 жылы тұтқындалып, Қазан қаласына жер аударылады. Осы кезден өмірінің соңына дейін бақылауда болады. 1909 жылы Санкт-Петербургте шығатын "Речь" газетінде Семей түрмесінде азап шеккен Ахмет Байтұрсынұлына бостандық берілуін талап еткен мақаласы басылады. Сол жылы Қазан қаласында "Қазақ өлеңдері" атты жинағы жарық көрген.[1]
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: