Ми жүйкелері
Ми нервтері
|
|
Солжақ. Төменнен қарағандағы адам миы, ми жүйелерінің қайнары көрсетілген. Оң жақ. фораминалы бассүйек тағаны қатары, онда көптеген жүйкелер бассүйектен шыққан.
|
|
Бас сүйегі тағанынан миға өтетін жүйкелер.
|
Латын тілі
|
nervus cranialis (pl: nervi craniales)
|
Ми жүйкелері (ағылш. Cranial nerves) — 12 жүп жүйке болып мидың төменгі (адамда — алдыңғы) бетінен, бассүйектің тесіктері арқылы ми сауытынан шығады. Олардың 10 жүбы (III-XII жүйкелер) ми діңгегінен бөлінеді.
Ми жүйкелері қатарында:
жағынан басталып, түзілген жүйке тітіркенстерін ми
орталықтарына өткізетін таза сезімтал ми жүйкелері
(I жүп, иіс жүйкесі - nn. olfactorii — мұрын қуысындағы иіс сезімі мүшесіндегі нейроциттер аксондарынан
түзіліп, иіс баданасында аяқталады; II жүп, көру жүйкесі
— п. opticus — көздің торлы қабығының ганглионды
нейроциттері аксондарынан түзіліп, аралық миға енеді;
VIII жүп, тепетеңдік-есту жүйкесі — п. vestibulo-cochlearis
— ішкі құлақтан басталады, есту және тепетеңцік түбіршіктердің қосылуынан түзіледі, сопақша ми ядроларында аяқталады);
- 2) жүйке тітіркеністерін ми орталықтарынан шеттегі бұлшықеттерге жеткізетін таза қозғалтқыш ми жүйкелері (III жүп, көзқимыл жүйкесі — п.
oculomotoricus — ортаңғы мидың үлкен ми аяқшасынан шығып, көздің тік және қиғаш бұлшықеттері мен
қабақтың бұлшықеттерін жүйкелендіреді; IV жүп, шығырлық жүйке — п. trochlearis — ортаңғы мидың үлкен
ми аяқшасы мен ми көпірі аралығынан басталып, көздің
жоғарғы қиғаш бұлшықетін жүйкелендіреді; VI жүп,
әкеткіш жүйке - п. abducens — сопақша мидан шығып,
көздің латеральды тік және көз алмасын тартқыш бұлшыкеттерін жүйкелендіреді; XI жүп, қосымша жүйкеп. accessorius — сопақша мидан шығып, трапеция тәрізді,
иық-бас және төс-бас бұлшықеттерін жүйкелендіреді;
XII жүп, тіласты жүйкесі - п. hypoglossus — сопақша
мидан шығып, тіласты сүйектің бұлшықеттерін жүйкелендіреді) және 3) аралас ми жүйкелері (V жүп, үшкіл
жүйке - п. trigeminus — жоғарғы (адамда - артқы) сезімтал және төменгі (адамда — алдыңғы) қозғалтқыш түбіршіктердің қосылуынан түзіледі, өз кезегінде: көздік, жоғарғыжақ және төменгіжақ жүйкелерге бөлінеді; VII
жүп, бет жүйкесі - п. facialis — сопақша мидан шығып,
қозғалтқыш жүйке талшықтары — бет бұлшықеттерін,
сезімтал жүйке талшықтары тілдің үшы мен денесіндегі
дәмсезімі емізікшелерін жүйкелендіреді, жүйке қүрамында сілекей бездеріне арналған парасимпатикалық
жүйке талшықтары болады; IX жүп, тіл-жұтқыншақ
жүйкесі — п. glossopharyngeu — сопақша мидан шығады, қозғалтқыш жүйке талшықтары жұтқыншақ қабырғасындағы бұлшықетті, ал сезімтал жүйке талшықтары тіл түбірі кілегейлі қабығындағы дәмсезімі емізікшелерін, тандай мен жұтқыншақ кілегейлі қабықтарын,
жүйке құрамындағы парасимпатикалық жүйке талшық-
тары шықшыт және ауыз қуысы қабырғалық сілекей
бездерін жүйкелендіреді.[1]
Дереккөздер
- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9