Макс Тейлер

Макс Тейлер
Max Theiler
Туған күні

30 қаңтар 1899 (1899-01-30)

Туған жері

Претория, ЮАР

Қайтыс болған күні

11 тамыз 1972 (1972-08-11) (73 жас)

Қайтыс болған жері

Нью-Хейвен, Коннектикут, АҚШ

Азаматтығы

ЮАР, АҚШ

Альма-матер

Кейптаун университеті

Марапаттары


Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1951)

Макс Тейлер (ағылш. Max Theiler; 30 қаңтар 1899, Претория, ОАР11 тамыз 1972, Нью-Хейвен, Коннектикут, АҚШ) — американдық вирусолог. Сары безгек вирусын зерттегені үшін және осы ауруға қарсы адамның иммундалуына екі нақты вакцинаны құрғаны үшін Нобель сыйлығын алды (1951).

Биография

Медицинаны Родс университеттік колледжінде оқыды, содан кейін 1917—1918 жж. Кейптаун университетінде, 1922 жылы Лондонда жетілдірілді. 1951 жылдан Рокфеллер қоры (Нью-Йорк) медицина және денсаулық сақтау зертханасы бөлімінің бастығы и одновременно (1964 жылдан) Йель университеті медицина мектебінің профессоры.

Негізгі еңбектері

Негізгі зерттеулері амеба дизентериясының, лептоспироздар, жапондық энцефалит, маймыл энцефаломиелиті этиологиясы және басқалар бойынша.

Есте тұту

1979 ж. Халықаралық астрономиялық одақ есте қалдыру мақсатында айдың көрінетін жағындағы кратерге Макс Тейлердің есімін берді.

Шығармалары

  • Studies on action of yellow fever virus in mice, «Annals of tropical medicine and parasitology», 1930, №24;
  • Yellow fever protection test in mice by intracerebral injection, «Annals of tropical medicine and hygiene », 1933, № 27.

Сілтемелер

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!