М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
|
|
Орналасуы
|
Қазақстан Алматы, Абай даңғылы, 43
|
Негізделгені
|
1933
|
Директоры
|
Юрий Якушев
|
Көркемдік жетекшісі
|
Дмитрий Скирта
|
Марапаттары
|
* 1983 жыл - «Халық достастығы» ордені;
- 1974 жыл - «Академиялық» театр атағы;
- 2000 жыл - Мәдениет Комитетінің Құрмет грамотасы;
- ҚР Мемлекеттік сыйлығы.
|
М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры — классикалық драматургия қоюға негізделген театр.
Тарихы
- 1933 жылы қазан айында Семей қаласында К.А.Треневтің «Любовь Яровая» пьесасымен ашылды.
- 1934 жылдың қаңтарында жас театр Алматыға көшіп келіп, А. Афиногеновтың «Страх» атты спектакілін көрермендерге көрсетіп, екінші рет ашылды. Сол жылы театр «Алматы қалалық кеңесінің орыс драма театры» деп аталды.
- 1938 жылдан бастап Қазақстанның мемлекеттік орыс драма театрына айналды.
- 1941 жылы театр ұжымы қазақ драма театрымен бірлесіп жұмыс істеді. Сол жылдың аяғында Шымкент қаласына уақытша көшіп, 1943 жылы Алматыға қайта оралды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары кеңес адамдарының қаҺармандық іс-әрекетін бейнелейтін А.Е.Корнейчуктың «Майдан», К.М.Симоновтың «Орыс адамдары» мен «Біздің қаланың жігіті», Л.М.Леоновтың «Шапқыншылық» пъесалары қойылып, ол спектакльдерге соғыс жылдары эвакуациямен келген Киевтің Леся Украинка атындағы театры актерлері Д.М.Голубинский, П.И.Киянский, О.В.Смирнова т.б. қатысты. Театр труппасы екінші дүниежүзілік соғыс жылдары әскери бөлімшелер мен госпитальдарда, шекара бекеттерінде болып, бірнеше концерттер қойды. 1945 жылы театр жанынан актерлер дайындайтын студия ашылды.
- 1964 жылы Михаил Юрьевич Лермонтовтың 150 жылдығына орай театрге ақынның есімі берілді.
- 1969 жылы театр ғимараты салынды (846 орындықты - бас сахнада 598 орын, кіші сахнада 120 орын). Сәулетшілері Г. Горлышков, В. Давыденко, М. Былинкин, В. Руденко, инженер М. Глебова. 1979 жылдан сәулет ескерткіші.
- 1969 жылдан бастап 1974 жылға дейін театрды Қазақ КСР Халық әртісі Мар Сулимов басқарды. Оның басқарумен көптеген қойылымдар өмірге келді. Ф. Абрамовтың "Две зимы и три лета" қойылымында режиссер және қоюшы-суреткер болды. 1973 жылы Е.Черняктің пьесасы «Василиса Прекрасная» көрермендерге жол тартты. ҚР Халық әртісі Л. Нэльская Ханум бейнесін сомдаған А. Цагарелидің "Тифлисская свадьба" комедиясы халықтың қошеметіне ең көп бөленген қойылым.
- 1974 жылы Мәскеудегі сәтті сапардан кейін театрге академиялық атақ берілді.
- 1983 жылдан бастап театрдың басшысы - ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Платинді Тарлан» тәуелсіз сыйлықтың иегері, профессор Рубен Суренович Андриасян. Бас суретші Владимир Иванович Кужель - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Алғашқы әртістер
- Театрдың алғашқы көркемдік жетекшісі: Юрий Людвигович Рутковский;
- Алғашқы суретшісі: И.Бальхозин;
- Театрдың алғашқы әртістері: К.Юрасова, П.Каранов, Е.Кручинина, З.Морская, С.Ассуиров, М.Бранд;
- Режиссерлер: Л.Варпаховский, М.Гольдблат, Г.Товстогонов, Б.В. Бибиков, О.Пыжова, А.Ридаль, Я.Штейн, А.Соломарский, М.В. Сулимов, С.Казимирский, А.Мадиевский.
Әр жылдардағы репертуарлары
Орыс классикалық шығармаларын қоюға негізделген театр, оларды сахнаға шығаруда үлкен жетістіктерге жетті; А.Островскийдің «Жазықсыз жапа шеккендер» (1933), Ф.Шиллердің «Қарақшылар» (1935), М.Горькийдің «Соңғылар» (1938), «Егор Булычев және басқалар» (1951), Н.В.Гогольдың «Ревизор», А.Н.Островскийдің «Жасаусыз қалыңдық», «Түсім орны», «Василиса Мелентьева», М.Г.Горькийдің «Дұшпандар», Ф.М.Достоевскийдің «Қорланғандар мен қор болғандар» жэне «Степанчиково селосы мен оның тұрғындары», У.Шекспирдің «Король Лир» т.б. пьесалары.
Өткен ғасырдың 60-80 жылдары театрдың көрнекті қойылымдары бүкіл республикаға танымал болды, ол Ф. Абрамовтың «Две зимы и три лета», А. Вампиловтың «Свиданье в предместье», «Прошлым летом в Чулымске», «Утиная охота», Д. Вассерманның «Человек из Ламанчи», В. Розовтың «Гнездо глухаря», «Кабанчик», А. Галинның «Ретро», П. Шеффердің «Амадей», Н. Лесковтың «Расточитель», Ю. Домбровскийдің «Факультет ненужных вещей» атты спектакльдері.
Театр репертуарынан қазақ халқының өткен өмір жолын, салт-дәстүрлері мен тұрмыс-салтын көрсететін жэне орыс халқымен достық қарым-қатынасын сөз ететін М. Әуезовтің «Махаббат пен намыс», «Қара қыпшақ Қобыланды», «Абай», З.Шашкиннің «Дала таңы», Н.И.Анов пен Я.С.Штейннің «Жүректің әмірімен», Д.Исабековтің «Тор» атты пъесалары, Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» классикалық шығармалары сахналанды. Театр ұжымы 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ эдебиеті мен өнерінің онкүндігіне катысып, Н.И.Ановтың «Мүрагерлерін», Г. В.Николаеваның романы бойынша «Жолдағы шайқасын», О.Окулевичтің «Джордано Бруно» жэне А.П.Чеховтың «Платоновын» көрсетті. Сол жылдыры орыс актерлермен бірге қазақ артистері де ойнаған қойылымдар жарық көрді. КСРО-ның халық артисі Х. Бөкеева «Иван Грозный» спектаклінде Мария Тюмрюковнаны, ал Ә. Жолымбетов — Ханзаданы, КСРО-ның халық артисі Ш. Айманов «Голубые корни» қойылымында Бреттің, ал Қазақ ССР-інің халық артисі Н. Жантөрин «Порт-Артурда» Звонаревтің бейнесін сомдады.
Театрдың жетекші әртістері
- Қазақстан Республикасының халық әртістері – Г. М. Бойченко, Л. В. Нэльская, Ю. Б. Померанцев (ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері). Л.Темкин;
- ҚР еңбегі сіңген әртістер – Г.Н. Балаев, Т.П. Банченко, В.А. Гришко, Н.В. Долматова, Н.Л. Жмеренецкая, А.А. Зубов, Ю. Н. Капустин (ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері), М.М. Токарев, В.А. Толоконников (РФ Мемлекеттік сыйлығының иегері);
- Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткерлер – М.Ю. Ганцева («Дарын» жастар сыйлығының иегері), А.Н. Креженчуков, И.М. Лебсак (ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері), И.В. Личадеев, В.Д. Зинченко.
Марапаттары мен жетістіктері
- 1983 жылы театр «Халық достастығы» орденімен марапатталды.
- 1974 жылы театр Мәскеу қаласына гастрольдік сапарға барғаннан кейін оған «академиялық» деген атақ беріледі.
- 2000 жылдың наурыз айында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ел мәдениетіне үлкен үлесін қосқан театр жұмысын жоғары бағалап театр ұжымын ерен еңбегі үшін Мәдениет Комитетінің Құрмет грамотасымен марапаттады.
- «Эзоп» спектакліне ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілген.[1]
Галерея
-
М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры (2016 жыл, желтоқсан айы).
-
-
Фойе.
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Стенд - Алғашқы әртістер.
-
Стенд -1955-65 жылдар репертуарлары.
-
Стенд - 1972-79 жылдар репертуарлары.
-
Стенд - 1980-89 жылдар репертуарлары.
-
Стенд - Соғыс ардагерлері.
Дереккөздер
- ↑ Қазақстанның мәдени ошақтары. Культурные центры Казахстана: Фотоальбом. – Алматы:«АСА» Баспа үйі» ЖШС, 2012. – 288 б. (қазақ, орыс, тілдерінде) ISBN 978-601-80325-0-9
|
|