Владимир Иванович Кужель (11 қаңтар 1960, Алматы, Қазақ КСР — 9 желтоқсан 2023, Алматы, Қазақстан) — қазақстандық театр суретшісі. М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бас суретшісі (1993–2023). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2002).
1960 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында туған. Ұлты — орыс.
Әкесі — Кужель Иван Иванович, марқұм, энергетик болған. Анасы — Кужель Евдокия Андрөевна, марқұм, теміржолшы болған.
Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театралды-көркемөнер институтының бітірген (1990), театрдың, телевизияның және киноның қоюшы-суретшісі. 1977 жылдан — Республикалық қуыршақ театрының суретші-бутафоры. 1983 жылдан — Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының декоратор-суретшісі. 1989 жылдан — Эксперименталдық камералық театрдың бас суретшісі, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының қоюшы-суретшісі. 1992 жылдан — Жастар театрында қоюшы-суретші. 1993 жылдан бері — М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бас суретшісі.
Франция түсірген «Исчезновение в космосе» (Бортинженер), Ресей түсірген «Господа офицеры» (Майор) кино-фильмдеріне түскен.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Әскери атағы — ефрейтор.
Үйленген. Жұбайы — Кужель Людмила Викторовна (1958 ж. т.), М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының костюмдер бойынша суретшісі.
Ұлы — Кужель Филипп Владимирович (1984 ж. т.); қызы — Кужель Мария Владимировна (1991 ж. т.).[1]
Дереккөздер