Көне түркі таңбалары

Қызыл қаласынан табылған таңба тас

Көне түркі таңбалары

Біздің заманымызға дейін жеткен көне түркі таңбалары құрыптық кешендерінің кейбір бөліктеріне, бітіктастарға, сандықтастарға (барықтарға), атақты бекзат тұлғаларға арналған бәдіздерге, зооморфтық мүсіндерге, балбал-меңгірлерге қашап түсірілген; мұның барлығы аталмыш жәдігерлердің сакралдық әрі семиотикалық мағынасы бар екендігін көрсететіні анық. Сонымен қатар, түркі заманының бірсыпыра таңбалары жартастарға, бұйымдарға, қару-жарақтарға да көркем нақышталған. Көне түркі мәдениетінің ажырамас бөлігі болып саналатын байырғы түркілердің таңбалары мен символикалық белгілері зерттеушілердің назарын ұдайы аударып келеді. Алайда ұлан-ғайыр Еуразия даласындағы түркі тілді халықтардың таңбалары мен белгілері, олардың шығу тегі мен даму барысы, трансформациясы жайында толыққанды біртұтас ғылыми зерттеу әлі де жасала қойған жоқ. Тарихи диахрондық тұрғыдан қарағанда, таңба қолданысы қоғамдық құбылыс ретінде бірнеше даму сатыларын өткізгенін аңғаруға болады. Атап айтқанда, тас дәуірінің әр түрлі кезеңдерінде белгілер мен символдар белгілі бір жердің, қастерлі өңірдің, қару-жарақ пен алуан түрлі заттардың айқындаушысы болып келді. Алайда палеолит-неолит дәуірлерінде қоғамдық институттардың дамып жетілмегендігіне, этноәлеуметтік қатынастардың айырмашылықтарына, тағы да басқа факторларға байланысты «таңба қолданысы» болды деп айту, сондай-ақ аталмыш дәуірде таңбалар кеңінен қолданылды деп қарастыру әлі де болса жан-жақты талдауды қажет етеді. Көне түркі дәуіріндегі бітіктастарда аталатын оғыз, тоғыз оғыз, сегіз оғыз, үш оғыз, түргеш, он оқ, құрықан, үш құрықан, байырқұ, ұйғыр, он ұйғыр, қырғыз, чік, қарлұқ, басмыл, отұз татар, қытан, татабы және т.б. көптеген көшпелі этностардың өз алдына жеке-жеке арнайы таңбалары болды. Онда жалпы тайпалық таңбалары, одан өрбіген туынды әрі күрделі таңбалары, сонымен қатар жеке, отбасылық, рулық, тайпалық секілді олар билік, меншік иелерінің қоғамдық мәртебесін айқындайтын саяси-әлеуметтік белгілер болып табылады.

Аталуы

Көне түркілер осы таңбаларын «tamץa» деп атады, ол екі мағынаны білдіреді. Біріншісі — «ру, тайпалардың белгісі, таңбасы», екіншісі «қағанның алтын мөр белгісі». Көне түркі бітік тілінде аталмыш сөздің түп­төркіні *tab­ // *tab- (семантикасы: бірдеңенің ізі, қалдығы, із қалдыру – «таптау, табы, табандау») // > tam­ (семантикасы: «тамызу, күйдіру, белгі­ен басу») > tam+ץa > tamץan (tamץa+n / tamץa+čï ­ семантикасы: мөр жасаушы, мөр таңба сақтаушы) > taŋba («таңба, таңбалау») деген бағытта дамып өрбіген. Көне моңғол тілінде taba > тав (табы, бірдеменің ізі), tamץa>тамага>тамга (таңба) тұлғасында сақталған. Көне түркі этномәдени ерекшеліктерінің ішінде «қаған әулиетінің таңбасы» деп аталатын ерекше бітімді таңбаның орны бөлек. Ол — тауешкінің арқа жон тұсына түзу сызық салған кескінді таңба. Яғни «екінші түрік қағандығының (680-745жж.) қытайша «ашина» әулетінің геральдикалық белгісі» деп те қарастырылады. Бұл таңба орхон ескерткіштері – Күлте мен Білге қаған бітіктастарында, Онгин ескерткіші, яғни Ел етміш йабғұға арналған бітіктаста басы иілген аса таяқ іспетті (таяқша) қосымша белгімен екі рет қашалған. Мұндай кескін таңбалар кейбір бәдіздерде, «Дэл уул» жартасында және т.б. ескерткіштерде кездеседі.

Қола дәуіріндегі таңбалар жүйесі

Қола дәуірінде символдар мен таңба тектес белгілердің біршама күрделі жүйесі қалыптасқаны аян. Бұлар жылжымайтын және қозғалмайтын дүние-мүлік иелерінің айқындаушысы болып, күнтізбелік жүйесінің мифтік-салттық кешендерінде кеңінен қолданылды; тіпті табиғат құбылыстарын, қоршаған ортаның нышандарын бейнеледі. Осы кезеңдерде қоғам өмірінің рухани саласында символдар мен белгілердің сакралдық-магиялық қызметі басымдық етті. Қола дәуірінде Еуразия даласының тұрғындарында «таңба қолданысы» нақты іске аса бастады.

Темір дәуіріндегі таңбалар жүйесі

Ежелгі темір дәуіріндегі мемлекеттің экономикалық қатыныстырында өндірістің көшпелі шаруашылық тәсілдері кең жайыла бастады, ал қоғамдық қатынастарда мүліктік-дәрежелік айырмашылықтар пайда болды. Демек мүліктік-дәрежелік айырмашылықтардың күшеюі, қоғамның әлеуметтік құрылысында жайылым жерді кеңейту, қайтадан бөлшектеу, байлықты молайтуды тұрақты көздеген әскери ақсүйектердің одақтастығы басты қызмет атқарғаны ерекше байқалады. Егер Ордостан Қарпат тауы, Қара теңіздің солтүстігіне дейінгі Еуразияның кең байтақ даласындағы көшпелі мемлекеттердің өзара саяси-әлеуметтік, экономикалық және этномәдени ұқсастықтары болды десек, онда б.з.д. 1-ші мыңжылдық бойы (хұн-сармат деп аталатын дәуірді қамтып) олардың даму кезеңдеріндегі, әр түрлі сатыларындағы өзгерістер мен жаңарулар барысында алуан түрлі таңбалар мен символдар кеңінен қолданылды деуге негіз бар.

Таңба қолданысының сипаттары

Таңба қолданыстың бастапқы сатысында жануарлардың тұяқ-табаны, аспан денелері сияқты түрлері басым болды да кейін одан әрі күрделеніп, кейбіреулері абстракциялық символдарға айналды. Ортағасырлық ру-тайпалар мен этносаяси бірлестіктерден құрылған түркі мемлекеттерінде таңба қолданысының қызметі мен мағынасы ерекше мәртебелі болды. Әсіресе әкімшілік-басқару жүйесінде, сыртқы саяси және басқа да мемлекеттік істерде бірегей қызмет атқарады.

«Сарматтық» таңба белгілер

«Сарматтық» мәдениет өкілдерінің таңба-белгілерінің жүйесі туралы, әсіресе Қара теңіздің солтүстік аумағындағы әйгілі ескерткіштерінің таңбалары мен белгілері топтастырып талдаған еңбектер баршылық. Мұндай еңбектерде таңбалардың шығу тегі мен қызметтері және мән-мағынасы туралы алуан түрлі тұжырымдар жергілікті (Соломник, 1959; Драчук, 1975; Яценко, 2001). Сақ-сармат дәуірінде символикалық белгілер мен таңбалар жүйелі түрде қазіргі түсініктегідей нақты өз мағынасымен көрініс таба бастады. Басқаша айтқанда, меншік белгілерінің (жеке меншік, ру-тайпалық және т.б.) ру, тайпа, әулеттерге қатыстылығының «сыртқы көрінісі» толық айқындалды. Ежелгі көшпенділер және көне түріктер тарихи түрлі кезеңдерде таңбаларды қолайлы табиғи жерлерге, заттар мен бұйымдарға, ғұрыптық кешендердің құрылыстарына салатын болды. Мал шаруашылығымен айналысатын халықтар малға ен-таңба салуды үйренді. Онда ен таңбалар меншік құқықтарының айқын белгісі болып саналды. Тіпті малды кездейсоқ айдап әкетсе, ен-таңбалар малды тануға, оған меншік иелігін білдіре алатын заңды құжат іспетті болды (Ефименко, 1874, қараша, 145-170б; 1874 желтоқсан, 271-293 б; Ольховский, 2001, 100-109 б; Народные обычаи..., 1871, 45-167 б.; Полубояринова, 1980,165-212 б.; Симчинко, 1965; Яценко, 2001 және т.б.). Үстірттегі «Бәйте-3» ғибадатханасы секілді кеңінен танымал «сармат (дахо-массагет)-алан» таңбалары өткен ғасырдың 80-жылдан бастап, 2004 жылға дейін ҚР БҒМ Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы тарапынан З. Самашевтің жалпы жетекшілігімен, Үстірт тобын басқарған В. С. Альховскийдің қатысуымен зерттелді (Самашев және т.б.., 2007, 202-207 б.). Ғибадатхана қабырғасының бір бөлігіндегі таңбалардың ішінде көне түркі бітігінің таңба-әріптерінің үлгілері болуы ықтимал. Тіпті, онда сақ жазуының белгілері де бар делінгенімен, сызықтардың пішімі мен жазу іспетті белгілердің қай-қайсысы да әзірінше дәлелденген жоқ. Ғибадатхана қабырғаларындағы және кейбір бәдіз-тасмүсіндердегі таңбалар мен арбаның гравюрлеріне, балық, лабиринт, кейбір адам бейнесі мен жылан секілді бейнелерге әлі де талдау жүргізу қажет.

Көне түркі таңбаларындағы ру атауларының белгіленуі

Бірнеше ғасырлар бойы тұрған бұл ескерткіш Үстірттегі, Сырдариядағы және Сарыарқадағы басқа да ескерткіштер секілді өзгеріске ұшырады, әуелгі (ата-баба әруағына арналған ғибадатхана, жаугершілік, отқа табынушылық және т.б.) мәртебесі жолаушылар мен керуен тартушылардың уақытша қорғаныс үңгіріне немесе ерте ортағасырлық жерлеу орындарына айналды. Сондықтан хронологиялық межесі, этникалық тегі, тіпті таңбалар мен графиттер секілді белгілері, жалпы осы ескерткішті талдау мәселелері өзекті болып отыр. Бұл орайда Бәйте-3 таңба, белгілерінің барлық түрлерін тек қана иран тілді әулеттің, рудың еншісіне телінуі даулы мәселе. Түрлі зерттеу бойынша Жем өзені бойынан сармат таңбаларының күрделі түрлері анықталған болатын. Ташкент маңынан табылған таңба-белгілері мен символдары бар ескерткіш тас ерекше жәдігер. Оны біздің заманымыздың бірінші ғасырымен, қауыншы мәдениетімен байланыстырады. «Отырар-Қаратау» және Жетіасар, Қауыншы мәдениеті қаңлы этносаяси бірлестіктерінің негіздері болды. (Богомолов, 2003, 83 б.). Бұл ескерткіште өте күрделі заманның композициясы, әлем құрылысы мен адамның заман-кеңістіктегі мифологиялық орны көрсетілген. Аталмыш ескерткіштің біртұтас композициясындағы қосымша көптеген символикалық белгілер юечжи-кушан және де сармат-алан таңбаларымен сырт пішіндері жағынан ұқсас. Аталмыш қосымша элементтер көптеген зерттеушілер «Кубрат ханның қазынасы» деп таныған 7-8 ғасырдың басындағы Перешипинск кешені жүзіктеріндегі монограммаларды еске түсіреді. (Комар, 2006, 226 б). Алайда бұл композицияның тұтастығы мен сипаты оның басқа да ерекшеліктері, аталмыш ескерткішті қоғамдық-саяси әрі құқықтық тұрғыдан нақты қызмет атқаратын таңбалар «жиынтығы» деп қарастыруға болмайтындығын аңғартады. Мұнда жалпы адамзаттық әмбебап мүддесінің дүниетанымдық ерекшеліктеріне байланысты таңбалау жүйесінің күрделілігі бар. Дегенмен, Байкөлдің арғы бетінен Мысырға дейінгі аумақты археологиялық, этнографиялық алуан түрлі ескерткіштерден Маңғыстаудағы қазақтардың құлыптасына дейінгі аралықтан ұқсас көріністерді іздеп көрген Г. И. Богомоловтың талдау ізденістері әдістемелік тұрғыдан толығымен оң нәтиже бере алмады (Богомолов, 2003, 83-95 б.).

Хұн таңба-белгілері

Хұн дәуірінің әртүрлі зат бұйымдарға, жартастарға қашалған нақты таңба, белгілері әзірше Моңғолияда ғана кездеседі. Хұн дәуірінің таңба іспетті белгілері мен көне түркі дәуірінің және де қазіргі түркі-моңғол халықтарының таңба-белгілері, олардың типологиясы, топтамалары, салыстырмалы талдаулары туралы Х. Пэрлееээнің қызықты морфологиялық еңбегі бар. Орталық Азиядан Солтүстік Қара теңіз аумағына дейінгі «сарматтық» таңба белгілерді негізінен Моңғолияда пайда болған хұн дәуірінің таңба белгілерімен салыстыра қарағанда, сарматтық белгілердің сарқыншақ тегін аңғаруға болады. Сонда, көне түркі таңбаларының негізгі ұйытқысы хұн-сармат текті мотивтерімен қоса ою өрнегінің аздығы, тіпті геометриялық сызықтарының молдығы аталмыш таңбалардың өзгеше даму сатысының ерекшелігін көрсетеді. Кейбір зерттеушілер көне түркі бітіктерінің әліппесі таңба іспетті белгілерден пайда болды деген пікірді айтқан болатын (Аристов, Маллицкий және т.б.). шын мәнінде түркі бітігінің кейбір таңба-әріптері көне түркі таңбаларына ұқсас. Алайда көне түркі бітігінің шығу тегін анықтау өте күрделі ғылыми зерттеу мәселесі екендігін, сондай-ақ қазірге дейін алуан түрлі талдаулар мен ұсыныстар бар екенін айтқанымыз жөн (Аманжолов, 1978, 76-85 б.; Лившиц, 1978, 93 б.; Гузев, Кляшторный, 1993, 60 б.; Кызласов, 1994; Щербак, 2001, 32-53 б.).

«Шивээт улаан» ғұрыптық кешені

«Шивээт улаан» ғұрыптық кешенінің мерзімі жайлы зерттеушілерде бірізді пікір жоқ. Мысалы, С.Г. Кляшторный, 692 ж. қайтыс болған Елтеріс (Құтлық) қағанға арналып 693 ж. орнатылған дейді. Бұл ғұрыптық кешенде тастан жасалған текше қоршаудың ішкі тұсында тас үйінді қорған орналасқан және көптеген адам, арыстан бейнелі мүсіндер, аталмыш таңбалары бар ескерткіш тастан құралады (Кляшторный, 1978, 576 б.) В.В. Войтов ескерткіштегі таңба-белгілер «екінші» түрік қағандығының негізін қалаушы, қытайларға қарсы күресіп, түріктерге тәуелсіздік әкелген билеуші тайпа Күлтегіннің әкесі Елтеріс қағанның (Құтлық, қытайша «гудулу-шеху») нөкерлерінікі, яғни түрік ру-тайпа басшыларыныңкі деп есептейді. (Войтов, 1996 ж, 88 б). Жалпы, «Шивээт улаан» ескерткішіндегі таңбалар мен кешеннің кіреберісінде орналасқан арыстан мүсіндегі қаған таңбасы өте сирек кездесетін тарихи құнды деректер қатарына жататынына дау жоқ. Демек, осы ескерткіш арқылы және көне жазба деректемелер негізінде көне түрік мемлекетінің қалыптасу тарихының кейбір тұстарын, ғұрыптық кешендердің жосын-жоралғыларын, дүниетанымдық, наным-сенімдік мифологиялық ұғымдары мен құқықтық негіздерін, т.б. тұстарын қалпына келтіруге болады. Бұл орайда, «Шивээт улаан» секілді таңбалы ескерткіштер қатарына саналатын Башқортстандағы құпия екі қабатты ескерткішті атап өту керек. Ескерткіштің үстіңгі тұсында ХІV ғасырларға тән араб-графикалық эпитафия, ал одан төменгі тұста көне түрік таңбаларына ұқсас таңба белгі қабаты бар. Осы іспетті тағы бір құнды ескерткіштердің бірі — Моңғолиядағы Баян-хонгор аймағы «Шивээтийн чулуун хөшөө» немесе «Бөмбөгөр ескерткіші». Бітіктастың бет қалпында 35 таңба қашалған және жоғары тұсында 4 жол, оң жақ қырында 2 жол көне түрік мәтіні жазылған.

Түрік таңбаларының классификациясы

Көне түрік таңбалары жайындағы талданған материалдарды жинастырып, шартты түрде бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады. Бірінші топ — қаған, бекзаттарға арналған ғұрыптық кешендерге орнатылған арнайы ескерткіш ұстын (бітік) тастарға қашалған таңбалардың жиынтығы (таңбалар энциклопедиясы). Екінші топ — жоғарыда аталған ескерткіштермен сабақтас, бірақ олармен салыстырғанда мәртебесі жоғары. Негізгі белгіге қосымша сызықтар қосылып, қаған, бекзаттарға арналған бітіктастарда (Татпар қаған, Білге қаған, ханзада Күлтегін, тархан Тұңықұқ, Ел етміш Білге қаған және т.б.) қашалғандар. Онда таңбалар біртұтас элемент болып мемлекеттік мөр-таңба ретінде Тәңірі текті тұлғалардың ғұрыптық үндеу мәтіндері бар бітіктастардың жоғарғы тұсында қашалады. Үшінші топ — жартасқа шағын мәтіндер, ортағасырлық петроглифтермен бірге қашалған таңбалар тобы. Көбінесе Орталық Таң-Шаң мен Алтайдың кейбір ортағасырлық жартас суреттерінің арасында кездеседі. Жартастағы көне түркі таңбаларының ең кереметі — Моңғолиядағы «Бичигт улаан хад» ескерткіші. Мұны 1910 жылы фин ғалымы Г. Рамстедт, одан кейін «Бичигт улаан хад» таңбаларын қайтадан 2009 жылы З. Самашев зерттеді. Төртінші топ — бірен-саран таңбалар мен белгілер әртүрлі жартас суреттерінің арасында кездеседі. Олардың қатарында жануарлардың дене мүшелеріне, адам кеудесіне салынған таңбалар да бар (Талас Алатауы, Таулы Алтай). Бесінші топ — жылжымалы заттар, атап айтқанда, қару-жарақтар, үй бұйымдары, әшекейлер, ғұрыптық мақсаттардағы және т.б. заттарға салынған белгілер мен таңбалар.

Қорытынды

Көне түркі таңбалары мен белгілері жалпы түрік мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Таңбалар — отбасылық, ру-тайпалықтан бастап этносаяси бірлестіктердің немесе билеуші қаған әулетінің эмблемасы ретінде және тағы басқа мазмұнда кеңінен қолданылды. Сол себепті көне түрік қоғамының саяси-әлеуметтік өмірінде ерекше орын алды. Таңбалар қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік институттармен мен алуан түрлі топтардың қатынастарын реттеуші маңызды құқықты тетік болды; олар әсіресе, көшпелі қоғамдағы түрлі меншіктерге байланысты мәселелерді шешуде ерекше қызмет атқарды. Таңбалар болмысы көне түрік саяси-әкімшілік құрлысын және түріктер мекендеген тарихи-мәдени аумақтарды да толық көрсете алды. Сондай-ақ, белгілі бір таңба мен оны иеленуші топтардың көші-қонын, яғни миграциялық жолдарын айқандап береді, өмірлік кеңістікті иеленген үрдістерінің ерекшеліктерін дәлелдей алады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Самашев З., Базылхан Н., Самашев С. «Көне түрік таңбалары.» – Алматы, 2010. 168 бет.

Read other articles:

Scottish politician (born 1951) Marlyn GlenGlen in 2009Member of the Scottish Parliamentfor North East Scotland(1 of 7 Regional MSPs)In office1 May 2003 – 22 March 2011 Personal detailsBorn (1951-09-30) 30 September 1951 (age 72)Dundee, ScotlandPolitical partyScottish Labour PartyAlma materOpen University, University of St AndrewsWebsite[1] Marlyn Glen (born 30 September 1951) is a Scottish Labour Party politician. She was a Member of the Scottish Parliament (MSP) for the...

 

Bretzwil tyska: Gemeinde Bretzwil Kommun Vy över Bretzwil Heraldiskt vapen Land  Schweiz Kanton Basel-Landschaft Distrikt Waldenburg Höjdläge 628 m ö.h. Koordinater 47°23′52″N 07°39′10″Ö / 47.39778°N 7.65278°Ö / 47.39778; 7.65278 Yta 7,33 km²[1] Folkmängd 755 (2021-12-31)[2] Befolkningstäthet 103 inv./km² Tidszon CET (UTC+1)  - sommartid CEST (UTC+2) Postnummer 4207 Kommunkod 2883 Geonames 7285331 Språ...

 

Los puntos rojos forman parte de una ε-red en el plano Euclidiano, donde ε es el radio de los discos amarillos grandes. Los discos azules (con la mitad de la radio que los amarillos) son disjuntos, y el conjunto de todos los discos amarillos cubre todo el plano, satisfaciendo los dos requisitos de la definición de una ε-red. En la teoría matemática de espacios métricos, ε-redes, ε-empaquetados, ε-coberturas, conjuntos uniformemente discretos, conjuntos relativamente densos, y conjun...

تشوي مين سيك تشوي مین سيك عام 2009 معلومات شخصية الميلاد 22 يناير 1962 (العمر 61 سنة)سول، كوريا الجنوبية الجنسية  كوريا الجنوبية الحياة العملية المهنة ممثل سنوات النشاط 1989 - حتى الآن وكيل الأعمال سي-جيس إنترتينمنت تعديل مصدري - تعديل   تشوي مین سيك (최민식) ممثل كوري جنوبي ولد يو...

 

Iyo 伊予市Kota BenderaLambangLokasi Iyo di Prefektur EhimeNegara JepangWilayahShikokuPrefektur EhimePemerintahan • Wali kotaKuninori TakechiLuas • Total194 km2 (75 sq mi)Populasi (Oktober 1, 2015) • Total36.827 • Kepadatan189,8/km2 (4,920/sq mi)Zona waktuUTC+09:00 (JST)Kode pos799-3193Simbol  • PohonMetasequoia glyptostroboides • BungaBrassicaNomor telepon089-982-1111Alamat8...

 

Summary and details of various criticisms of United Nations on various issues This article uses bare URLs, which are uninformative and vulnerable to link rot. Please consider converting them to full citations to ensure the article remains verifiable and maintains a consistent citation style. Several templates and tools are available to assist in formatting, such as reFill (documentation) and Citation bot (documentation). (August 2022) (Learn how and when to remove this template message) Criti...

U.S. House district for Texas TX-23 redirects here. The term may also refer to Texas State Highway 23. Not to be confused with Texas's 23rd House of Representatives district. Texas's 23rd congressional districtTexas's 23rd congressional district since January 3, 2023Representative  Tony GonzalesR–San AntonioDistribution78.09% urban[1]21.91% ruralPopulation (2022)778,355[2]Median householdincome$71,327[2]Ethnicity68.34% Hispanic24.92% White3.85% Black1.6% Asian1....

 

Men's Football at the Island Games 1995Tournament detailsHost countryGibraltarDates16–22 JulyTeams8Final positionsChampions Isle of Wight (1st title)Runners-up GibraltarThird place JerseyFourth place GreenlandTournament statisticsMatches played18Goals scored58 (3.22 per match)Top scorer(s) Adam Barsdell (4 goals)← 1993 1997 → International football competition The 1995 Island Games in Gibraltar was the 4th edition in which a men's football tournamen...

 

American pornographic actress (born 1985) Mia IsabellaIsabella at the AVN Awards on January 8, 2011Born (1985-07-30) July 30, 1985 (age 38)[1]Chicago, Illinois, United States[2]Other namesIsabella Green[1]Height5 ft 5 in (1.65 m)[2]Websitemia-isabella.com Mia Isabella (born July 30, 1985)[1] is a retired American transgender pornographic actress.[3] Early life Isabella was born and raised in Chicago, Illinois, but spent ...

2002 American action movie by Don Michael Paul Half Past DeadTheatrical release posterDirected byDon Michael PaulWritten byDon Michael PaulProduced by Elie Samaha Steven Seagal Andrew Stevens Starring Steven Seagal Morris Chestnut Ja Rule Nia Peeples Tony Plana Kurupt CinematographyMichael SlovisEdited byVanick MoradianMusic byTyler BatesProductioncompanyFranchise PicturesDistributed byScreen Gems (through Sony Pictures Releasing[1])Release date November 15, 2002 (2002-...

 

У этого термина существуют и другие значения, см. Хорус. Пример эффекта хорус Сначала звучит фраза в чистом звучании электрогитары, с 7-й секунды — с эффектом хоруса Помощь по воспроизведению. Хорус (англ. chorus) — звуковой эффект или соответствующее устройство. Имитир...

 

Canadian ice hockey player (born 1988) Ice hockey player Jason Demers Demers with the Arizona Coyotes in 2019Born (1988-06-09) June 9, 1988 (age 35)Dorval, Quebec, CanadaHeight 6 ft 1 in (185 cm)Weight 195 lb (88 kg; 13 st 13 lb)Position DefenceShoots RightNHL teamFormer teams Free agentSan Jose SharksOulun KärpätDallas StarsFlorida PanthersArizona CoyotesAk Bars KazanEdmonton OilersNational team  CanadaNHL Draft 186th overall, 2008San Jose Shark...

Species of bird Biak monarch Conservation status Near Threatened (IUCN 3.1)[1] Scientific classification Domain: Eukaryota Kingdom: Animalia Phylum: Chordata Class: Aves Order: Passeriformes Family: Monarchidae Genus: Symposiachrus Species: S. brehmii Binomial name Symposiachrus brehmii(Schlegel, 1871) Synonyms Monarcha brehmii Symposiarchus brehmii The Biak monarch (Symposiachrus brehmii), or Biak monarch flycatcher, is a species of bird in the family Monarchidae. It is end...

 

Fictional character from EastEnders Soap opera character Ben MitchellEastEnders characterMax Bowden as Ben MitchellPortrayed by Matthew Silver (1996–1998) Morgan Whittle (1999–2001) Charlie Jones (2006–2010) Joshua Pascoe (2010–2012) Harry Reid (2014–2018) Max Bowden (2019–present) Duration 1996–2001 2006–2012 2014–present First appearanceEpisode 126621 March 1996 (1996-03-21)ClassificationPresent; regularIntroduced by Jane Harris (1996) Matthew...

 

1994 video gameShining Force CDShining Force CD cover artDeveloper(s)Sonic! Software PlanningPublisher(s)SegaDirector(s)Yasuhiro TaguchiProducer(s)Shugo TakahashiHiroyuki TakahashiDesigner(s)Shuji ShimizuTatsuya NiikuraAyumu ShindoProgrammer(s)Yasuhiro TaguchiKenji NumayaYutaka YamamotoArtist(s)Hiroshi KajiyamaMasayuki HashimotoFumihide AokiWriter(s)Shugo TakahashiComposer(s)Motoaki TakenouchiSeriesShiningPlatform(s)Sega CDSega Genesis Mini 2ReleaseJP: 22 July 1994[1]PAL: April 1995NA...

Nuclear weapon (development abandoned) For other uses, see Thin Man. Thin Man Thin Man plutonium gun test casingsTypeNuclear weaponPlace of originUnited StatesProduction historyDesignerLos Alamos LaboratorySpecificationsLength17 feet (5.2 m)Diameter38 inches (97 cm)FillingPlutonium Thin Man was the code name for a proposed plutonium gun-type nuclear bomb that the United States was developing during the Manhattan Project. Its development was abandoned when it was discovered...

 

Iraqi Islamic scholar and jurist (1815–1908) Grand Ayatollah SheikhMirza Husayn Tehraniمیرزا حسین خلیلی تهرانیThe trio: (left to right) Akhund Khurasani, Mirza Husayn Tehrani and Abdullah MazandaraniPersonalBorn1815 (1815)Najaf, IraqDied1908 (1909)Najaf, IraqReligionIslamNationalityIranianRegionNajaf, IraqJurisprudenceTwelver Shia IslamMuslim leaderBased inNajaf, IraqPeriod in office1891–1908PostGrand Ayatollah Ayatollah Mirza Husayn Khalili Tehrani...

 

2016–17 concert tour by Dolly Parton Pure & Simple TourTour by Dolly PartonPromotional poster for tourLocationNorth AmericaAssociated albumPure & SimpleStart dateJune 3, 2016 (2016-06-03)End dateDecember 10, 2016 (2016-12-10)Legs1No. of shows65 in North AmericaDolly Parton concert chronology Blue Smoke World Tour(2014) Pure & Simple Tour(2016) The Pure & Simple Tour is the twelfth and final headlining concert tour by American country music artis...

AwardFrederick-Cross(Friedrich-Kreuz)TypeMilitary decorationAwarded forWar meritPresented by AnhaltEstablished1914Last awarded1918 The Frederickcross (German: Friedrich Kreuz or Friedrich-Kreuz) was instituted in 1914 by the ruling Duke of Anhalt, Frederick II of Anhalt as a decoration not unlike the Iron Cross for merit in time of war. There are three versions of the Frederickcross A bronze cross on a green ribbon with red borders for combatants. A bronze cross on a green ribbon with white b...

 

2010 single by Julieta VenegasBien o MalSingle by Julieta Venegasfrom the album Otra Cosa LanguageSpanishReleasedJanuary 18, 2010RecordedJulieta Venegas' House (Mexico City, Mexico), Mondomix (Buenos Aires, Argentina) GenrePop rock, latin popLength2:59LabelSony InternationalSongwriter(s)Julieta Venegas, Alejandro SergiProducer(s)Julieta Venegas, Cachorro LópezJulieta Venegas singles chronology Algún Día (2008) Bien o Mal (2010) Despedida (2010) Music videoBien o Mal on YouTube Bien o Mal (...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!