Кіші Үлбі – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысының Алтай, Глубокое аудандары жеріндегі өзен. Ұзындығы 119 км, су жиналатын алабы 2300 км2.
Бастауы
Үлбі жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде Жоғарғы Үлбі бөгенінен басталып, Жаңа Үлбі ауылы тұсында Үлбі өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Аңғары тар, жағасы тік жарлы. Жаңбыр, қар және жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 6,45 м3/с.[1]
Дереккөздер