Кіші Арқалы – Арқалы тауларының қиыр оңтүстік-батысындағы оқшауланған тау.
Географиялық орны
Абай облысы Үржар ауданында, Емел (Еміл) өзенінің аңғарында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 690 м. Дөңгелек пішінді таудың ұзындығы мен ені 2 – 2,5 км.
Жер бедері, өсімдігі
Солттүстік беткейі көлбеуленіп Егізқызыл, Кіші Арқалы қыстаулары маңындағы жазыққа ұласып кетеді. Қалған беткейлері біршама тіктеу, сай-жыралармен сәл тілімденген. Еміл өзеніне қарай төмпешікті құм төбелер кездеседі. Беткейлерінде жусан аралас баялыш, көкпек, бетеге, еркек шөп, т.б. өседі.[1]
Дереккөздер