Кіші Алакөл – Алакөл көлінің оңтүстік-шығысындағы шығанақ.
Географиялық орны
Жетісу облысы Алакөл және Абай облысы Үржар аудандарының жерінде орналасқан.
Сипаты
Құрлыққа 15 км шамасында еніп жатыр. Шығанақтың енді жері 5 км. Оңтүстікнен Ырғайты өзені құяды. Жағалауы төрттік кезеңнің құмды-сазды топырағынан, қиыршықтасты ұсақ құмдарынан тұрады. Бетінде қамыс, қоға, т.б. өседі.[1]
Дереккөздер