Зәуре Баймолдина (1913 жылы Ойыл ауданы, Қаратал ауылы − 1984 жылы сонда) – тары өсіруші, ақ тарының атасы Ш. Берсиевтің шәкірті.
Өмірбаяны
1913 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданы, Қаратал ауылында туған. Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбек етті. Еңбек жолын қолдай қызмет жасап бастап, "Кемерши", "Құрман" ұжымдық шаруашылықтарында тары өсіруші звеносының жетекшісі болды.
Жетістіктері
Берсиев атындағы ұжымшарда, кейін кеңшарда Берсиев селолық Кеңес төрағасы болып сайланды. Бесінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Марапаттары
Жоғарғы еңбек көрсеткіштері үшін Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған. Қаратал ауылының бір көшесіне Зәуре Баймолдина есімі берілген.[1]
Дереккөздер
- ↑ Ақтөбе:энциклопедиа - Ақтөбе, 2001 - 748 бет