Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін

Жаздым үлгі жастарға бермек үшінАбайдың Қазақтың Біріккен мемлекеттік баспасынан 1945 ж. жарық көрген таңдамалы өлеңдер жинағы. Мектеп оқушыларына арналған. Құрастырған – М.Балақаев. Кітап құрастырушының ақын өмірінен қысқаша мағлұмат беретін шағын алғысөзімен ашылады. Жинаққа енген ақын өлеңдері мүмкіндігінше мазмұнына қарай жіктеліп, «Насихат өлеңдер», «Өнер-білімге шақыратын өлеңдер», «Жаратылыс суреті», «Өткен күннің келбеті», «Жұмбақтар» деген тақырыптарға топтастырылған. Кітап көлемі З,5б.т., 10 000 дана болып басылған.[1]

Дереккөздер

  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Prefix: a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Portal di Ensiklopedia Dunia

Kembali kehalaman sebelumnya