Есім хан кесенесі

Есім хан кесенесі
Жалпы мәлімет
Статусы

Мемлекет қорғауында

Орналасуы

Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы

Биіктігі

3,2 м

Техникалық сипаттамасы
Басқа да өлшемдері

9x9м (сыртқы ауданы)

1,2 м (қабырғасының қалыңдығы)

Есім хан кесенесіТүркістан қаласында XVII ғасырдан сақталған архитектуралық ескерткіш. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің батыс мұнарасынан оңтүстікке қарай 12 м жерде орналасқан. Кесене Қазақ хандығының билеушісі Есім ханның қабірінің басына тұрғызылған.

Сипаттмасы

Кесене қирап, бұзылған қалпында ғана жеткен. Ол XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында қираса керек. Кесене күйдірілген кірпіштен төртбұрышты (9х9 м) етіліп өрілген. Негізгі қасбеті портал түрінде болып келеді. Қасбеттері жылтыр қалақтаспен геометриялық ою-өрнектер түрінде әшекейленген. Оңтүстік-шығыс жағында кесенеге кіретін есік бар. Сақталған қабырғасының енінің 1,2 м болуы да биік күмбезді көтеруге шыдайтындығын көрсетеді. Еденіне төртбұрышты күйдірілген кірпіш төселген.

Тарихы

1958 жылы алғышқы зерттеу жұмыстары жүргізілді.

1982 жылы Қазақ КСР-нің тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштер тізіміне енді.

1980 жылдары жартылай қалпына келтірілген.

200 жылы кесененің сақталған бөлігі қайта жөнделді.

Әдебиет

  • Проскурин А. Н. Мавзолей Есим-хана. Свод памятников истории и культуры Казахстана, А., 1994;
  • Смагулов Е. Григорьев Ф., Итемов А. Очерки но истории и археологии средневекового Туркестана, А., 1999.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Mausoleum of Esimhan


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!