Дінмұхамед Қонаев ауылы — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл, Дінмұхамед Қонаев ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Төле би ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-дей жерде, Шу өзенінің оң жағалық аңғарында орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
5630 |
▼5371 |
▲6226 |
115,9 |
2697 |
▲3204 |
118,8 |
2674 |
▲3022 |
113
|
Тарихы
Іргесі 1905 жылы патша үкіметінің бекінісі ретінде қаланған. 1974 – 96 жылдары қызылша өсіретін кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Дінмұхамед Қонаев ауылында 2 ЖШС және 200-ге жуық шаруа қожалықтары құрылған. Ең жақын темір жол стансасы – Бірлік (2 км).
Дереккөздер