Басқа мағыналар үшін Көктөбе деген бетті қараңыз.
Көктөбе — Жамбыл облысы, Шу ауданындағы ауыл, Жаңақоғам ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Төле би ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 9 км-дей жерде, Шу өзенінің оң жағалауында, бетеге, боз, жусан, бұта аралас шалғынды сұр, сортаңды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
2312 |
▲2567 |
▲2669 |
104 |
1275 |
▲1396 |
109,5 |
1292 |
▼1273 |
98,5
|
Тарихы
Іргесі 1970 жылы Жамбыл атындағы қызылмия өсіру кеңшары ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан Көктөбеде 123 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив ұйымдасты.
Инфрақұрылымы
2 орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Дереккөздер