Джером Дэвид Сэлинджер

Джером Дэвид Сэлинджер
Jerome David Salinger
Туған күні

1 қаңтар 1919 (1919-01-01)

Туған жері

Нью-Йорк , АҚШ

Қайтыс болған күні

27 қаңтар 2010 (2010-01-27) (91 жас)

Қайтыс болған жері

Корниш, Нью-Гэмпшир

Азаматтығы

 АҚШ

Мансабы

жазушы

Шығармашылық жылдары

1940–1965

Жанры

проза

Шығармалардың тілі

ағылшын

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Джером Дэвид "Джей Ди" Сэлинджер (ағылш. Jerome David "J. D." Salinger [ˈsælɪndʒər]; 1 қаңтар 1919, Нью-Йорк27 қаңтар[1][2][3] 2010, Корниш, Нью-Гэмпшир) — американдық жазушы, шығармалары 1940-шы және 1950-ші жылдары «The New Yorker» журналында жарық көрді.

Сэлинджер Манхэттенде өсті, әңгімелерін орта мектепте жаза бастады. Алғашқы шығармалары Екінші дүниежүзілік соғыстан дейін жарияланған. Соғыс басталған кезде, Сэлинджер өз еркімен соғысқа аттанады. Оны денсаулық жағдайы бойынша қарулы күштер қатарына алған жоқ, бірақ ол дегеніне жетті. Майданда болған кезінде, ол өз күнделігінде былай деп жазды: «Мен керек уақытта дұрыс орында жүріп жатқаның сезінемін, өйткені мұнда бүкіл адамзат болашағы үшін соғыс болып жатыр».

1940-шы жылдардың екінші жартысында Сэлинджер ең беделі және көп үміт күттіретін американдық әңгіме жанрының шеберлерінің біріне айналды. Көптеген соғыстан кейінгі әңгімелерінде, соғыстағы алған жауынгерлік іс-қимылдардың травматикалық тәжірибесі көрініс алды.

1951 жылы Сэлинджер «The Catcher in the Rye» атты тәрбиелеу романың шығарады. Роман үлкен табысқа жетті және бүкіл әлем бойынша оқырмандар махаббатына ие болды. Жастардың көптеген буындары кітаптін басты кейіпкері Холден Колфилдтың балалық шақтың қиялдарынан айырылуын жанашырлықпен тамашалаған[4] Қысқа мерзім ішінде кітаптін 60 миллион көшірмелері сатылды, және әлі күнге дейін жыл сайын шамамен 250 000 данасы сатылуда[5]

1965 жылдан кейін Сэлинджер әңгімелер жариялауын тоқтатты және жасырын өмір салтын жүргізе бастады. 1980 жылы ол өзінің соңғы сұхбатын берді.

Өмірбаяны

Сэлинджер 1919 жылы 1 қаңтарда Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. Оның әкесі — Соломон Сэлинджер (1887-1974), ысталған өнімдер мен ірімшік сатуымен айналысатын дәулетті еврей отбасынан шыққан саудагер, ал шешесі — Мириам Сэлинджер (үйленуге дейін аты Мэри Джиллик) — шотланд-ирландиялық отбасынан шыққан. Оның жалғыз қарындасы Дорис, одан сегіз жылға үлкен.

Әкесі ұлына жақсы білім беруге талпынды. 1936 жылы Джером Пенсильвания штатының Вэлли-Фордж қаласында орнпласқан әскери мектепті бітірген Мұнда оның әдеби дебюті өтті: Джером мектеп әнұраны үшін үш шумақ жазған, айтпақшы, олар оны осы күнге дейін орындайды. 1937 жылы жазда Джером Нью-Йорк университетінде дәріс тыңдайды, 1937-1938 жылдары Австрия және Польшаға барып қайтады (мұнда Быдгоще қаласында ол әкесінің нұсқауы бойынша шұжық өндірісін зерттейді). 1938 жылы оралып ол Урсинус-колледж (Пенсильвания) дәрістеріне барады. 1939 жылы Колумбия университетіне оқуға түседі, мұнда ол «Стори» журналының редакторы У. Бернетт оқыған қысқаша әңгімеге туралы лекция курстарын тыңдайды. Джером ешбір жоғары оқу орындарының да бітірмеді. Оқуға деген бір ерекше жетістіктерге жетпей және бірде-бір мансаптық ұмтылысын көрсетпеген ол әкесінің наразылығын тудырды, ақыр соңында олар мәңгі керісті.

1942 жылы драматург Юджин О' Нилдың қызы Уна О' Нилмен кездесе бастайды, бірақ Уна көп ұзамай Чарли Чаплинмен танысып оған тұрмысқа шығады. Сол жылдың көктемінде әскерге шақырылып, офицер-сержанттық байланыс әскерлерінің мектебін бітірген. 1943 жылы сержант шенінде қарсы барлау бөліміне ауыстырылып, Нашвиллге жіберілді.

1944 жылдың 6 маусым күні сержант Сэлинджер 4-ші жаяу әскер дивизиясының 12-ші жаяу әскер полкінің қарсы барлау бөлімінің құрамында Нормандияда десант түсіру операциясына қатысқан, содан кейін Хюртген ормандағы және Арденн операциясындағы шайқастарға қатысқан. Ол соғыс тұтқындарымен жұмыс істеді, бірнеше концлагерлерді азат етуге қатысқан (шамасы, соның ішінде Дахау болған). Майданда ол әскери тілші мен жазушы Эрнест Хемингуеймен кездесті. Хемингуэйдың жеке қасиеттері және жазу стилі Сэлинджерге үлкен әсер етті; өз кезегінде, Хемингуэй бастауыш автордың әдеби талантты жоғары бағалады. Соғыс аяқталғаннан кейін, соғыста алған жауынгерлік психикалық жарақаттан емденіп, Германияның денацификациясымен айналысты.

Сэлинджер жазушы мансабы нью-йорк журналдарында қысқа әңгімелер жарияланудан басталды. Оның бірінші әңгімесі «Жастар» (The Young Folks) 1940 жылы Уит Бернетт негізін қалаған «Story» журналында жарық көрді.[6] 1941 жылдан бастап «The New Yorker» басылымында жариялана бастады. Бірінші елеулі танымалдылықты Сэлинджерге «Бананабалық үшін жақсы күн» («A Perfect Day for Bananafish», 1948) қысқа әңгімесі әкелді. Әңгімеде Симор Гласс атты жас жігіттің және оның әйелінің бір күндік өмір тарихы баяндалған. 1940-шы жылдардың соңында Джером дзен буддизмді зерттей бастады.

Бірінші әңгіме шыққан кезінен он бір жыл өткеннен кейін, 1951 жылдың 16 шілде күні баспадан Сэлинджердің жалғыз романы «The Catcher in the Rye» шығады. Бұл романмен Джером 1941 жылдан бері жұмыс жасаған болатын. Роман сыншылар тарапынан бірауыздан мақұлдаумен қарсы алынды. Әлі күнге дейін романның басты кейіпкері Холден Колфилдпен ұқсас көзқарастары мен мінез-құлқы бар және өз көңілдеріне жақын болатын сынып оқушылары мен студенттер арасында жоғары сұранысқа ие. Кітап тым депрессялы және қорлау тілі пайдаланғаны үшін бірнеше елдерде және АҚШ кейбір штаттарында тыйым салынған. Бірақ қазір көптеген американдық мектептерде оқу үшін ұсынылған әдебиет тізіміне кіреді.

Роман шығу уақытына дейін Сэлинджердің түрлі мерзімді басылымдарда жиырма алты шығармалары жарияланды, оның ішінде 1953 жылы шыққан «Тоғыз әңгіме» (Nine Stories) жеке кітапқа енген тоғыз новелланың жетеуі шығып үлгерді.

1960-шы жылдары «Фрэнни мен Зуи» (Franny and Zooey) және «Raise High the Roof Beam, Carpenters» атты туындылары шығады. Осы туындылардың басты кейіпкерлері, аса зиятты Гласс отбасыны — Сэлинджер өз идеяларының уағыздаушыларына айналдырады (дзен буддизм, ұстамды мистицизм және битниктер нигилизмінің синтезі).

Соңғы жылдары

«The Catcher in the Rye» романы үлкен танымалдыққа жеткеннен кейін ол сұхбат беруден бас тартты және жасырын өмір салтын жүргізе бастады. 1965 жылдан кейін Сэлинджер әңгімелер жариялауын тоқтатып, тек өзі үшін жазған. Сэлинджер ертеректе жазған әңгімелерді қайта басып шығаруға тыйым салды («A Perfect Day for Bananafish» әңгімесіне дейін) және оның жазған хаттарын басып шығару әрекеттерін бірнеше рет бетін қайтарды.

Соңғы жылдары, ол іс жүзінде сыртқы әлеммен ешқандай қарым-қатынас жасамаған болатын. Нью-Гэмпшир штатының Корниш қалашығындағы өзінің биік қоршаулары бар жекежайында тұрып, түрлі рухани тәжірибелермен (буддизм, индуизм, йога, макробиотика, дианетика), сондай-ақ дәстүрлі емес медицинамен, глоссолалия, гомеопатия, акупунктура және христиандық ғылыммен айналысқан[7][8][5][9][10][11][12].

2010 жылдың 27 қаңтар күні Сэлинджер Нью-Гэмпширдегі өзінің үйінде 91 жасында қайтыс болады.

Шығармашылығы

Сэлинджер көптеген шығармаларын басты кейіпкерлері — 17 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдер. Алайда, оны "балалар" жазушысы деп атауға болмайды. Өз шығармаларында (бірінші кезекте «The Catcher in the Rye» романы) Сэлинджер жасөспірім кейіпкердің өзінің идеалдары мен максималистік қатыгездік және оны қоршаған "ересек" әлемнің арамдығы арасындағы қарсыластық тақырыбын көтереді.

Оның шығармаларының кейіпкерлері өз болмысының нақты айқын шекаралары мен анықтамалар жоқ, өз-өздерінен бас тартқан сияқты.[13]

Гласс отбасы туралы әңгімелерінде («A Perfect Day for Bananafish», «Franny and Zooey», «Raise High the Roof Beam, Carpenters», «Seymour: An Introduction» және т. б.) дарынды тұлға мен қоршаған әлемнің ымырасыз қарсыластық тақырыбы дамып тереңдейді.

Мистика, буддизм және өз рухани мәнің сақтау мақсатында жалпы қоршаған ортадан безушілік, «Тоғыз әңгіме» шығармасында анық көрінетін және Сэлинджердің кейінгі шығармаларында күшейген.

Шығармалары

«The Catcher in the Rye» Кітап мұқабасы (1985)
  • 1940 — The Young Folks
  • 1940 — Go See Eddie
  • 1941 — The Hang of It
  • 1941 — The Heart of a Broken Story
  • 1942 — The Long Debut of Lois Taggett
  • 1942 — Personal Notes of an Infantryman
  • 1943 — The Varioni Brothers
  • 1943 — The Inverted Forest
  • 1944 — Both Parties Concerned
  • 1944 — Soft Boiled Sergeant
  • 1944 — Last Day of the Last Furlough
  • 1944 — Once a Week Won’t Kill You
  • 1945 — Elaine
  • 1945 — I’m Crazy
  • 1945 — A Boy in France
  • 1945 — This Sandwich Has No Mayonnaise
  • 1945 — The Stranger
  • 1946 — Slight Rebellion off Madison
  • 1947 — A Young Girl in 1941 with No Waist at All)
  • 1948 — A Girl I Knew
  • 1948 — Blue melody
  • 1948 — A Perfect Day for Bananafish
  • 1948 — Uncle Wiggily in Connecticut
  • 1948 — Just Before the War with the Eskimos
  • 1949 — The Laughing Man
  • 1949 — Down at the Dinghy
  • 1950 — For Esmé — with Love and Squalor
  • 1951 — Pretty Mouth and Green My Eyes
  • 1951 — The Catcher in the Rye
  • 1952 — De Daumier-Smith’s Blue Period
  • 1953 — Teddy
  • 1955 — Raise High the Roof Beam, Carpenters
  • 1959 — Seymour: An Introduction
  • 1961 — Franny and Zooey
  • 1965 — Hapworth 16, 1924

Жарияланбаған

  • 1944The Children ' s Echelon
  • 1944Two Lonely Men
  • 1946Birthday Boy
  • 1947The Ocean Full of Bowling Balls

Дереккөздер

  1. Скончался писатель Джером Сэлинджер Мұрағатталған 6 қаңтардың 2012 жылы.
  2. Умер Джером Дэвид Сэлинджер
  3. The Catcher In The Rye: J.D. Salinger Dies January 27, 2010 Мұрағатталған 2 ақпанның 2010 жылы.
  4. Skow, John. Sonny: An Introduction, Time (15 қыркүйек 1961). Тексерілді 12 сәуірдің 2007.
  5. a b See Beidler’s A Reader’s Companion to J.D. Salinger’s The Catcher in the Rye.
  6. «J. D. Salinger.
  7. Борисенко А. Дж. Д. Сэлинджер: классик и современник// Сэлинджер Дж. Д. Над пропастью во ржи: Роман. Повести. Рассказы. — М.: Эксмо, 2007. — с.16
  8. Skow, John. Sonny: An Introduction, Time (15 қыркүйек 1961). Тексерілді 12 сәуірдің 2007.
  9. Salinger, M (2000). pp. 94-5.
  10. Salinger, M (2000). p. 195.
  11. Salinger, M (2000). p. 219.
  12. Salinger, M (2000). p. 96.
  13. Андрей Аствацатуров, Александр Погребняк Нехватка бытия как фигура современности. theoryandpractice.ru (24 феврая 2014 года).

Әдебиет

  • Аствацатуров А. Феноменология текста: игра и репрессия. М.: Новое литературное обозрение, 2007. — 288 с.
  • Борисенко А. Сэлинджер начинает и выигрывает // Иностранная литература. — 2009. — № 7. — С. 241—246.
  • Петренко Д. И. Роман Дж. Д. Сэлинджера «Над пропастью во ржи» и его переводы на русский язык / Под ред. проф. К. Э. Штайн. — Ставрополь: Изд-во СГУ, 2009. — 240 с.
  • Сазанович Е. И.Наконец его оставили в покое… («Плохие» американцы) // Международный аналитический журнал «Геополитика». — 2010. — 29 янв.
  • Фаликов Б. З. «Ради толстой тёти». Духовные поиски Дж. Д. Сэлинджера // Иностранная литература. — 2009. — № 2. — С. 203—216.
  • Щербак Н. Эхо войны в творчестве Сэлинджера // Звезда. — 2015. — № 9.
  • Lawrence Bowden. The Ducks in Central Park, or Why You Can’t Teach The Catcher in the Rye // Americana. The Journal of American Popular Culture. Oct. 2002.

Сыртқы сілтемелер

Read other articles:

British chemist (1938–2020) SirJack BaldwinFRSBornJack Edward Baldwin(1938-08-08)8 August 1938London, England, U.KDied5 January 2020(2020-01-05) (aged 81)NationalityBritishAlma materImperial College LondonKnown forBaldwin's rulesAwards FRS (1978) Knight Bachelor (1997) Nakanishi Prize (2002) Scientific careerInstitutionsUniversity of OxfordDoctoral advisorDerek BartonDoctoral studentsJohn Sutherland Websiteresearch.chem.ox.ac.uk/jack-baldwin.aspx Arms of Sir Jack Baldwin: Arg...

 

A crash cover is a philatelic term for a type of cover (including the terms air accident cover, interrupted flight cover, wreck cover), meaning an envelope or package that has been recovered from an air crash, train wreck, shipwreck or other accident. Crash covers are a type of interrupted mail. Example of a salvaged U.S. Air Mail Crash Cover (CAM #24, Indianapolis, Indiana, November 2, 1929) Crashes of flights carrying airmail were a regular occurrence from the earliest days of mail transpor...

 

              • 1959 → Elecciones estatales de 195514 escaños del Consejo Legislativo Estatal8 escaños necesarios para la mayoría Fecha 19 de febrero de 1955 Tipo Legislativa Duración de campaña 13 de enero a 18 de febrero de 1955 Demografía electoral Hab. registrados 60,168[1]​ Votantes 47,875 Participación    79.57 % Votos válidos 46,103 Votos nulos 1,772 Resultados Wong Pow Nee...

Hölle und Weinberg von Kressenbach IUCN-Kategorie IV – Habitat/Species Management Area Bild gesucht BWf1 Lage Hessen, Deutschland Fläche 20,61 ha Kennung 1435057 WDPA-ID 163762 Natura-2000-ID DE5622303 FFH-Gebiet 20,61 ha Geographische Lage 50° 22′ N, 9° 28′ O50.37249.4625Koordinaten: 50° 22′ 21″ N, 9° 27′ 45″ O Hölle und Weinberg von Kressenbach (Hessen) Einrichtungsdatum 1989 Hölle und Weinberg ...

 

Galle wordt ingenomen door Willem Jacobsz. Coster, de eerste gouverneur van Nederlands-Ceylon. Ceylon (tegenwoordig Sri Lanka) was tussen 1640 en 1796 een kolonie van de Vereenigde Oostindische Compagnie. Het bestuur bestond uit een gouverneur en de Raad van Ceylon, ook wel Politieke Raad genoemd. De besluiten werden bij meerderheid van stemmen genomen en waren bindend voor de gouverneur. De Raad bestond uit maximaal 8 leden. De belangrijkste was de hoofdadministrateur, die als secunde, oftew...

 

artikel ini tidak memiliki pranala ke artikel lain. Tidak ada alasan yang diberikan. Bantu kami untuk mengembangkannya dengan memberikan pranala ke artikel lain secukupnya. (Pelajari cara dan kapan saatnya untuk menghapus pesan templat ini) Artikel ini tidak memiliki referensi atau sumber tepercaya sehingga isinya tidak bisa dipastikan. Tolong bantu perbaiki artikel ini dengan menambahkan referensi yang layak. Tulisan tanpa sumber dapat dipertanyakan dan dihapus sewaktu-waktu.Cari sumber:...

For related races, see 1914 United States gubernatorial elections. 1914 Alabama gubernatorial election ← 1910 November 3, 1914 1918 →   Nominee Charles Henderson John B. Shields E.H Cross Party Democratic Republican Populist Popular vote 61,307 11,773 3,611 Percentage 78.72% 15.11% 4.64% County results Henderson   40–50%   50–60%   60–70%   70–80%   80–90%   90–100%   100% Shields...

 

Anthony McPartlin Anthony David „Ant“ McPartlin, OBE (* 18. November 1975 in Newcastle upon Tyne) ist ein britischer Moderator und ist neben Declan Donnelly Mitglied des bekannten Duos Ant & Dec. Anthony McPartlin spielte als Jugendlicher eine Rolle in der Serie Byker Grove. Dort traf er auf Declan Donnelly. Nach dem beiderseitigen Ausstieg aus der Serie begannen sie unter ihren Rollennamen PJ & Duncan Musik zu machen und schafften es mit mehreren Liedern in die Charts.[1]...

 

Former Shipping Company James Griffiths & Sons, Inc.TypePrivateIndustryShippingFounded1885 (1885) in Seattle, Washington, United StatesKey people Captain James Griffiths Stanley Griffiths Bert Griffiths James Griffiths & Sons, Inc. was founded by Captain James Griffiths (1861-1943) in Seattle, Washington in 1885. James Griffiths was from Newport, Wales, where he was a captain of a ship. He started as an agent for NYK Line of Japan. James Griffiths ran the company with his sons: S...

كانت أراضي المجر العثمانية تقع في جنوب ووسط المجر في العصور الوسطى التي حكمتها الإمبراطورية العثمانية من 1541 إلى 1699. كان الحكم العثماني مبعثرًا وشمل في الغالب الأراضي الجنوبية من مملكة المجر في العصور الوسطى السابقة حيث كانت تقريبًا منطقة السهول المجرية العظمى بأكملها (با...

 

This article is an orphan, as no other articles link to it. Please introduce links to this page from related articles; try the Find link tool for suggestions. (January 2015) Philadelphia Canoe ClubFormation1905 (1905)Purpose Flatwater canoeing Whitewater canoeing Whitewater kayaking Sea kayaking Location4900 Ridge Avenue, Philadelphia, United StatesMembership approx. 200CommodoreRosemary RauAffiliationsAmerican Canoe AssociationAward(s)ACA Stroke of Achievement Award (2005, 2000)Websitep...

 

Panahan compound beregu putri pada Pekan Olahraga Nasional 2016LokasiLapangan Panahan Jalak Harupat, Kabupaten BandungTanggal18-22 September 2016Peserta24 atletPeraih medali   DKI JakartaTriya Resky Adriyani, Rona Siska Sari, Aprilia Dwi Novitasari  Jawa BaratR. Gina Rahayu Sugiharti, Sri Ranti, Ratih Zil Izati Fadhly   Jawa TimurTiara Sakti Ramadhani, Dellie Theesyadinda, Della Adisti Handayani ← 20122020 → Panahan padaPekan Olahraga Nasion...

The Municipality of Shoal Lake is a former rural municipality (RM) in the Canadian province of Manitoba. It was originally incorporated as a rural municipality on January 1, 2011.[1] It ceased on January 1, 2015, as a result of its provincially mandated amalgamation with the RM of Strathclair to form the Rural Municipality of Yellowhead.[2] The former Municipality of Shoal Lake is located in the Westman Region of the province. Its formation on January 1, 2011, was a result of ...

 

1912 maritime disaster For other uses, see Sinking of the Titanic (disambiguation). Sinking of the TitanicThe sinking of the Titanic as depicted in Untergang der Titanic, a 1912 illustration by Willy StöwerDate14–15 April 1912; 111 years ago (1912-04-15)Time23:40–02:20 (02:38–05:18 GMT)[a]Duration2 hours and 40 minutesLocationNorth Atlantic Ocean, 370 miles (600 km) southeast of NewfoundlandCoordinates41°43′32″N 49°56′49″W / &#...

 

2018 Élection présidentielle zimbabwéenne de 2023 23 et 24 août 2023 Corps électoral et résultats Inscrits 6 623 511 Votants 4 561 221   68,86 %  16,2 Blancs et nuls 92 553 Emmerson Mnangagwa – ZANU-PF Voix 2 350 711 52,60 %   1,2 Nelson Chamisa – CCC Voix 1 967 343 44,03 %   1 Président de la république Sortant Élu Emmerson Mnangagwa ZANU-PF Emmerson Mnangagwa ZANU-PF modifi...

2006 studio album by Diana RossBlueStudio album by Diana RossReleasedJune 20, 2006Recorded1971–1972Genre Jazz R&B Length50:16LabelMotownProducerGil AskeyDiana Ross chronology Love & Life: The Very Best of Diana Ross(2001) Blue(2006) I Love You(2006) Singles from Blue What a Diff'rence a Day MakesReleased: 2006 Blue, originally titled The Blue Album,[1] is a studio album by American singer Diana Ross. Initially recorded between late 1971 and early 1972, it was release...

 

2000 studio album by The SpecialsSkinhead GirlStudio album by The SpecialsReleasedOctober 17, 2000GenreSkaLength49:04LabelReceiver RecordsProducerRoger LomasThe Specials chronology Stereo-Typical: A's, B's and Rarities(2000) Skinhead Girl(2000) Conquering Ruler(2001) Professional ratingsReview scoresSourceRatingAllmusic link Skinhead Girl is a cover album by The Specials Released in 2000 (see 2000 in music). After a project backing ska legend Desmond Dekker on his 1993 album King of K...

 

Al Hilal HamdiMenteri Tenaga Kerja dan Transmigrasi Indonesia ke-22Masa jabatan23 Agustus 2000 – 23 Juli 2001PendahuluBomer PasaribuPenggantiJacob Nuwa WeaMenteri Negara Transmigrasi dan Kependudukan Indonesia ke-22Masa jabatan26 Oktober 1999 – 23 Agustus 2000PendahuluIda Bagus Oka (sebagai Menteri Negara Kependudukan)A.M. Hendropriyono (sebagai Menteri Transmigrasi dan Pemukiman Perambah Hutan)PenggantiDirinya sendiri (sebagai Menteri Tenaga Kerja dan Transmigra...

2023 New Japan Pro-Wrestling event Lonestar ShootoutPromotional poster of the eventPromotionNew Japan Pro-WrestlingNJPW StrongDateNovember 10, 2023CityGarland, TexasVenueCurtis Culwell CenterAttendance1,027[1]Event chronology ← PreviousPower Struggle Next →World Tag League Lonestar Shootout chronology ← Previous2022 Next →— Lonestar Shootout (2023) was a professional wrestling event promoted by New Japan Pro-Wrestling (NJPW). It took place at the Curt...

 

List of events ← 1943 1942 1941 1944 in Argentina → 1945 1946 1947 Decades: 1920s 1930s 1940s 1950s 1960s See also:Other events of 1944List of years in Argentina Events from the year 1944 in Argentina. Incumbents President: Pedro Pablo Ramírez (until 25 February); Edelmiro Julián Farrell (from 25 February) Vice president: vacant (until 8 July); Juan Perón (from 8 July) Governors Buenos Aires Province: until 5 January: Faustino J. Legón 5 January-5 May: Julio O. Ojea 5 May-19 J...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!