Кеңес әскері қатарына 1937 жылы алынып, 1938 жылы Хасан өзеніндегі ұрыстарға қатысқан. Командирлер мектебін, 1940 жылы Владивостоктағы жаяу әскер училищесін бітірген. 1941 жылдан Ұлы Отан соғысының майданында болды. 9-жеке минометшілер полкі (Воронеж майданы, 40-армия) минометшілер дивизионының командирі дивизионымен алғашқылардьтң бірі болып Днепр өзенінен өтіп, Белая Церковь қаласы (Киев облысы) үшін болған шайқаста минометпен жаудың 8 пулеметін, бір ротаға жуық әскерін, 3 артиллериялық және минометтік батареяны жойды және 3 шабуылына тойтарыс беруге қатысты. Осы ерлігі үшін оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.12.1943).
1946 жылдан запасқа шықты.
1975 жылға дейін Ростов облысы Каменск-Шахтинский қаласында қызмет істеді.
Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Волчиха кентінде Найденовке бюст орнатылған.[1]
Дереккөздер
↑Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х