Горацио Нельсон

Үлгі:Dmy


Vice-Admiral The Viscount Nelson
29 September 1758 –

1805 ж. қазанның 21 (47 жаста)


Vice Admiral Horatio Lord Nelson, by Lemuel Francis Abbott
Place of birth Burnham Thorpe, Norfolk, England
Place of death Cape Trafalgar, Spain
Allegiance United Kingdom of
Great Britain and Ireland
Service/branch Royal Navy
Years of service 1771–1805
Rank Vice Admiral of the White
Battles/wars Battle of Cape St Vincent
Battle of the Nile
Battle of Santa Cruz de Tenerife
Battle of Copenhagen
Battle of Trafalgar
Awards Several (see below)

Горацио Нельсон (ағылш. Horatio Nelson; 29 қыркүйек 1758, Бернем-Торп, Норфолк графтығы — 21 қазан 1805, Трафальгар, Испания)- британдық адмирал. Норфолк графтығындағы Бернем-Торп деревня­сында священник Эдмунд Нельсонның көп балалы отбасында 1758 жылғы 29 қыркүйекте дүниеге келген Горацио Нельсон 12 жасында өзінің нағашысы капитан Морис Саклингтің кемесіне теңізшілікке қабылданып, 6 жыл бойы тулаған толқындармен тайталаста жүреді, тіпті Арктика экспедициясына да қатысады, Кариб теңізінде британ кемелерін күзетіседі, шхунаға билік етіп, адмирал Паркердің “Бристоль” кораб­лінде бірінші лейтенант лауазымына дейін өседі. 1778 жылдың желтоқса­нында коммандор атағын алған Нельсон 20 жасында “Бэджер” бригінің коман­дирлігіне тағайындалады.

Адмирал Нельсон – соғыс тарихына алтын әріптермен жазылатын есім. Британия флоты дегенде біздің аузы­мызға алдымен Нельсонның аты түседі. Күні бүгінге дейін теңіз роман­тикасы санаға жаппай сіңе қоймаған, құрлық­тың қақ ортасындағы Қазақстан сияқты елдердің өзінде “Адмирал Нельсон” атауы ресторан, кафе, барларға қойы­лып жатады, өйткені, Нельсон есімі бүкіл әлемде еркіндіктің бір белгісіндей болып, бүгінгі тілмен айтсақ, брэндке айналып кеткен. Оның Ямайкадағы, Багам аралдарындағы, Вест-Индиядағы, Ни­карагуадағы, Америка Құрама Штаттарымен соғыс кезіндегі қолданған тактикалық жаңалықтары соғыс-теңіз шайқасының классикалық үлгілері қатарында қаралады.

Нельсон қатысқан шайқастардың ұзын саны… 124! Бұл әлемдік флотилия­дағы рекордтық көрсеткіш саналады. Адмиралдың асқан ақылы, алпыс екі айлалы шалымдылығы ағылшын эскадраларын талай тығырықтан алып шыққан, талай жерде жарқын жеңіске жеткізген. Жүрек жібітер жан жомарт­тығы (бірде жағадан ұзап кеткен фрегатты кері қайырып, гардема­риндердің біріне ата-анасының жазған хатын аяқтап шығуына мүмкіндік бергені бар) жан түршіктірер қатыгез­дігімен (кемеде бүлік бастауға әрекет еткендерді мачтаға дарға астырып қойған кезі де бар) адмиралдың ержү­рек­тігі, шыдам­дылығы, төзімділігі, қай­сарлығы, шын мәнінде, қайран қалдыр­арлықтай. Шайқастардың бірінде кар­течь оғы сол қолын тұтасымен жұлып әкеткен кезде дәрігерлер шынтақтан білезік буынға дейін анестиктер қол­данбай кесіп тастауға мәжбүр болады, сонда сабазың әлгіндей азапқа үн шы­ғармай төзіп жатады. Тағы бір шайқаста снарядтың жарықшағы көзін ойып түскенде де бар уайымы осы кемістігіме байланысты флоттан кетуге тура келер ме екен деген ой ғана болады. Айтқан­дай, оның осы соқыр көзіне байла­нысты мынандай да оқиға бар. Бір шайқас барысында алдыңғы шептегі корабльден ұрысты тоқтатып, кері шегіну жөнінде шартты белгі беріледі. Қарамағындағылар ол белгі жайында Нельсонға мәлімдейді. “Ұрыстан шы­ғыңдар деп жатыр ма?” – деп сұрайды командир. “Иә, ұрыстан шығыңдар деп жатыр”. “Кімнен, қайдан түсіп жатыр ол белгі?”. “Ана жақтан, сенбесеңіз өзіңіз көріңізші”. Сөйтеді де орынба­сары Нельсонға дүрбі ұсынады. Нельсон дүрбіні соқыр көзіне тақап: “Ешқандай белгі көріп тұрған жоқпын! Ұрысты жалғастырамыз!”, дейді… Сол шайқас ақыры ағылшын флотилиясының жеңісі­мен бітеді. Бұйрықты орындамағаны үшін әскери соттың алдынан табылуға тиіс Нельсонға тосын да батыл шешімі үшін контр-адмирал атағы беріліп, кеудесіне орден тағылады. “Жеңімпаздарға жаза жүрмейді” (“Победителей не судят”) деген қанатты сөз сол шайқастан кейін тараған.

Тарих соғыстың екі данышпанын – Наполеон мен Нель­сонды бір заманда дүниеге келтірді. Олар бір-біріне өлер­дей өш болды, бойға біткен бар дарынын бір-бірінің көзін құртуға жұмсады. Англия мен Фран­цияның арасындағы соғыстың ең айтулы шайқастарының бі­рінде Нельсон На­полеон флотын тас-талқан етіп, оның бүкіл Египет ком­паниясының бағыт-бағдарын өзгертуге тура келеді. Нілдің сағасындағы Абукир бұғазында 1798 жыл­ғы 1 тамызда болған ол шайқас нәти­жесінде ағылшындар 13 француз кемесінің 11-ін суға батырған, өздерінің шығыны жоққа жуық. Абукир шайқа­сынан кейін Нельсон ұлттық батырға айналды. Ұлыбритания халқы апта бойы тойлап, шіркеулерде Нельсонның атын атап мінәжат етіп жатты.

Нельсонға пэр атағы, лорд даңқтамасы берілді, Британия парламенті оның өзін былай қойғанда, айналасындағы жама­ғайындарына да өмір бойғы зейнетақы белгіледі, түрік сұлтаны өзінің асыл тастармен безендірілген сәлдесін сыйлап, орыс императоры жақұттармен көмкеріл­ген суретін жолдап жатты. Нельсонда енді бәрі дерлік бар еді. Бәрі дерлік…

Махаббаттан басқаның бәрі.

1785 жылы Горацио Нельсон Фанни Нисбетпен некелескен. Ол өзі Англияның Кариб теңізі маңындағы колонияларында дәрігер болған бір кісінің жесірі еді. Үйленуін үйленгенімен, Горацио мен Фаннидің жандары жараспай-ақ қойған. Сөйтіп жүргенде адмирал Нельсон біз айтқан бір шайқаста оң көзінен айырылады да, емделу үшін Неаполь қаласына кемесімен қайырлайды. Ол соғыста Италия Францияны жақтады ғой, дұшпанының портына барып емделіп жүргені қалай деп қалмаңыз, бұл кезде Неаполь бөлек корольдік болатын. Нельсон Англияның Неаполь корольдігін­дегі елшісінің жұбайы Эмма Гамильтонмен осылай танысқан.

Леди Гамильтонның Нельсон өмірінде алар орны теңіз шайқастарынан еш кем емес. Цезарь мен Клеопатрадан кейін бір де бір жұп әлем тарихына дәл Горацио Нельсон мен Эмма Гамильтондай ықпал жасаған жоқ деген сөздің жаны бар. Басқасын былай қойғанда, Неаполь корольдігінің осыншама уақыт Римнен тәуелсіз тұруы, өз бетінше саясат жүргізуі ең алдымен Нельсон арқылы Англия тарапынан жасалған қолдаудың арқасы еді. Цезарь – Цезарь ғой. Ал Клеопатра – Клеопатра. Біреуі – император. Біреуі – патшайым… Нельсон – Нельсон ғой дейік.

Адмирал Нельсонды әлем тарихын­дағы ұлы қолбасшылар қатарына қоятын атақты Трафальгар шайқасы екені, оның 1805 жылдың 21 қазанында болғаны баршаға белгілі. Бұл кезде өз өмірінің 35 жылын теңіз төсінде өткізіп, мақа­ланың бас жағында жазғанымыз­дай, 124 шайқасты бастан кешіп, қажыған адмирал отставкаға шығуды ойластыра бастаған еді. Оның үстіне 1801 жылғы Амьен бейбіт шарты ағылшын-француз соғысын тоқтатқан болатын. Нельсон демалысқа шығып, Эммаға деп сатып алған имениені абаттандыруды қолға алған-ды. Алайда, жан-жағына соқты­ғып, соғыссырап тұратын Наполеон Альбион еліне тыным таптыруды ойла­ған да жоқ еді. Француздар екі жылдай есін жиып, Англияға қайтадан қатер төндіре бас­таған тұста Адмиралтейство Нель­сон­ға дұшпан флотының алдынан шығып, бетін қайтару жөнінде ұсыныс жасайды. Бұған Эмма қалай қарар екен? Жас та келді, денсаулық та сыр бере бастады, оң қол болса анау, оң көз болса мынау… Адмирал ғұмырбаяншыларының бірі олардың соңғы жүздесуін былай баян­дайды: “Эмма серпіліп сала берді: “Сен тамаша жеңіске жетесің, жеңістен кейін маған ораласың да бақытты дәурен сүресің!” – Ол Эммаға қарады, жана­ры­на жас үйірілді. “Ержүрек Эмма! – деді ол. – Асыл Эмма! Өмірде Эммалар көп болса, Нельсондар да көп болар еді…”.

Трафальгар шайқасы – ағылшын флотының, бүкіл Англия қуат-күшінің триумфы. Адмирал Нельсонның такти­калық данышпандығының арқасында ол шайқаста біріккен француз-испан флоты күл-талқаны шыға қиратылды. Нельсон жолбасшы корабльдің маңдай алдында, мундиріне барлық награда­ларын тағып алып тұрып шайқасқа басшылық жасады. Екі жақтың кемелері бір-біріне жақындаған шақта Нельсон өзінің өсиет хатын жазып, отаны мен корольден Эмма мен қызы Горацияға қамқор болуды сұрайды. “Менің ең қымбаттым, ең аяулым Эмма, менің ең жақын досым… Соғыс құдайы бізге жар бола көрсін! Қайткенде де мен өзімнің есімім саған және Горацияға, өмірімнен де артық көретін жандардың бәріне лайықты есте сақталуы үшін қолымнан келгеннің бәрін де жасаймын…”, деп жазады ол соңғы хатында. Адмиралдың жүрегі жамандықты сезген екен. Шай­қастың нағыз қызған шағында фран­цуздың “Редутабль” кораблінің мергені Нельсонды дәл көздеп атып түсіреді. Оқ оң иықтан өтіп, омыртқаға жетеді.

Шайқас біткен кезде адмиралдың ақтық демі шығар сәт те жеткен еді. Француздар суға батқаны бар, қолға түскені бар 20 кемесінен айырылып, еліне қарай қашты. Трафальгар шайқа­сын ағылшындардың айрықша ардақ­тайтын себебі – Британия флоты әлем мұхиттарындағы даусыз басымды­ғына дәл осы шайқастан кейін қол жеткізген, Наполеон тұманды Альбион аралын басып алсам деген ойынан осы шайқас­тан кейін біржолата бас тартқан. Уинстон Черчилльдің: “Трафальгар шай­қасында Нельсон Англияны Напо­леон басқыншылығынан кеудесін тосып тұрып қорғап қалды”, деп айтқаны бар.

Омыртқасын опырып жіберген дұшпан оғынан жаны аман қалғанның өзінде ғұмыр бойы қозғалмай жататы­нын білген соң Нельсон енді өмірмен қоштаса бастайды. Ол соңғы сөздерін сүйіктісі Эммаға арнаған. 16 сағат 30 минөтте “Виктория” мичманы кеме журналына тарих фактісіне айналған мына сөздерді жазды: “Ардақты лорд, виконт Нельсонға біз жеңіске жетке­німізді хабарлаған сәтте ол жарақаттан көз жұмды”…

Қаза тапқан адмиралдың мәйітін коньяк құйылған ағаш бейітке салып Англияға алып келгенде мұнда зар жыламаған адам қалмайды. Нельсонды Қасиетті Павел соборына жерлейді. Лондонның қақ ортасынан жаңа алаң салып, оған асқақ мұнара орнатады, ұшар басына Нельсонның биіктігі 5 метрлік ескерткіші қойылады.

Read other articles:

American reality television series Cyrus vs. Cyrus: Design and ConquerGenreRealityStarring Tish Cyrus Brandi Cyrus Country of originUnited StatesOriginal languageEnglishNo. of seasons1No. of episodes6ProductionExecutive producersSteve MichaelsJonathan KochTish CyrusRunning time24 minutesProduction companies Asylum Entertainment Hope Town Entertainment Original releaseNetworkBravoReleaseMay 25 (2017-05-25) –June 29, 2017 (2017-06-29) Cyrus vs. Cyrus: Design and Conquer is an A...

 

Disambiguazione – Se stai cercando altri partiti storici comunisti della Germania, vedi Partito Comunista di Germania (disambigua). Partito Comunista Tedesco(DE) Deutsche Kommunistische Partei PresidentePatrik Köbele Stato Germania SedeEssen AbbreviazioneDKP Fondazione1968 IdeologiaComunismo Marxismo-leninismoAntifascismo CollocazioneEstrema sinistra TestataUnsere Zeit (Il Nostro Tempo) Organizzazione giovanileGioventù Socialista Operaia Tedesca Iscritti3.500 Sito webw...

 

Elitserien ◄ vorherige Saison 1990/91 nächste ► Meister: Djurgårdens IF Absteiger: keiner • Elitserien  |  Division 1 ↓ Die Elitserien-Saison 1990/91 war die 16. Spielzeit der schwedischen Elitserien. Schwedischer Meister wurde zum 13. Mal in der Vereinsgeschichte und zum dritten Mal in Folge der Djurgårdens IF. Inhaltsverzeichnis 1 Reguläre Saison 1.1 Modus 1.2 Hauptrunde 1.3 Fortsetzungsrunde 2 Play-offs 2.1 Turnierbaum 2.2 Schwedischer Meister 3 Weblinks Regul

Weinberg Blick auf Ramsberg mit dem dahinterliegenden Weinberg Höhe 474 m ü. NHN [1] Lage bei Ramsberg am Brombachsee; Landkreis Weißenburg-Gunzenhausen, Bayern (Deutschland) Koordinaten 49° 6′ 54″ N, 10° 56′ 34″ O49.1151310.94271474Koordinaten: 49° 6′ 54″ N, 10° 56′ 34″ O Weinberg (Ramsberg) (Bayern) Der Weinberg ist der 474 m ü. NHN[1] hohe, teils bewaldete Hausb...

 

Pervy KanalПервый каналCaractéristiquesCréation 9 mars 1938Propriétaire Gouvernement de la fédération de Russie, Federal Agency for State Property Management (en), National Media Group (NMG), Roman Abramovitch, Tass, centre technique de télévision Ostankino (en), VTB Capital (en), VTB[1],[2], Sogaz (en)[1],[2]Langue RussePays Union soviétique (1938-1991) Russie (1991-Présent)Statut Généraliste d'état partiellement privéeSiège social Centre technique de télévision Os...

 

Yara International ASA 種類 株式会社業種 化学設立 1905年本社 ノルウェー・オスロ主要人物 Jørgen Ole Haslestad (CEO兼社長)、 Øivind Lund (取締役会議長)製品 窒素肥料、硝酸塩売上高 88,775百万NOK(2008年)[1]営業利益 12,281百万クローネ(2008年)[1]利益 8,228百万クローネ (2008年)[1]従業員数 8,170名 (2007年)[2]ウェブサイト www.yara.com ヤラ・インターナシ

Brasil padaOlimpiadeKode IOCBRAKONKomite Olimpiade BrasilSitus webwww.cob.org.br (dalam bahasa Portugis)Medali 37 42 71 Total 150 Penampilan Musim Panas192019241928193219361948195219561960196419681972197619801984198819921996200020042008201220162020Penampilan Musim Dingin199219941998200220062010201420182022 Brasil pertama kali berpartisipasi dalam Permainan Olimpiade pada 1920,[1] usai absen dari lima edisi Musim Panas sebelumnya. Sejak itu, negara tersebut telah mengiri...

 

WannabeSingel oleh ItzyDirilis09 Maret 2020 (2020-03-09)FormatUnduhan digitalstreamingDirekam2019–2020GenreK-popacid housebubblegum popDurasi3:11LabelJYPPenciptaGalactikaProduserGalactikaKronologi singel Itzy Icy (2019) Wannabe (2020) Not Shy (2020) Video musikWannabe di YouTube Wannabe adalah sebuah lagu dari girl grup Korea Selatan, Itzy dari album mini kedua berjudul It'z Me. Lagu ini dirilis oleh JYP Entertainment sebagai single utama pada 9 Maret 2020.[1] Lagu ini ditulis ...

 

Shanghai, una ciudad Nivel 1 El sistema de niveles de ciudades chinas (en chino: 中国城市等级制) es una clasificación jerárquica de ciudades chinas. No hay una lista oficial en China, ya que el gobierno chino no publica ni reconoce una definición oficial o una lista de ciudades incluidas en el sistema de niveles. Sin embargo, es frecuentemente referida por varias publicaciones en medios para propósitos que incluyen al comercio, transporte, turismo, educación y más.[1]​[2]&#...

Вы́сшее образова́ние в Росси́и — система высшего профессионального образования в России. Является следующим уровнем образования после среднего профессионального. Представляет собой трехуровневую систему из бакалавриата и магистратуры, специалитета, а также подго...

 

Not to be confused with the glomus body found in the dermis layer of the skin. The carotid body is not labelled but is located within the wall of the internal carotid artery near the bifurcation of the common carotid artery. Glomus type I cells are the chemoreceptor cells found in the carotid body. Glomus cells are the cell type mainly located in the carotid bodies and aortic bodies. Glomus type I cells are peripheral chemoreceptors which sense the oxygen, carbon dioxide and pH levels of the ...

 

Supernatural being Gods redirects here. For the monotheistic concept of a supreme being, see God. For the word, see God (word). For other uses, see Gods (disambiguation). Divine person redirects here. For the theological term used in Christian theology to denote a divine person, see Prosopon. Examples of representations of deities in different cultures; clockwise from upper left: Hinduism, Buddhism, Yoruba, Maya, Egyptian, Shinto, Christianity, Graeco-Roman, and Inca. A deity or god is a supe...

Iranian comedian and actor Alireza Jafariعلیرضا جعفریAlireza JafariBorn (1994-04-25) 25 April 1994 (age 29)Tehran, IranCitizenshipIranianOccupationActorYears active1999–presentNotable workSiavash King of Ear Mum's GuestRelativesAmir Jafari (uncle) Alireza Jafari (Persian: علیرضا جعفری) is an Iranian comedian and actor born on 25 April 1994 in Tehran, Iran. Biography He started his career at the age of five and became known with the film Mum's Guest directed b...

 

US magazine The American Review: A Whig JournalTitle page of an 1845 issue of the American ReviewCategoriesGeneral interestFrequencyMonthlyFirst issue1844; 179 years ago (1844)Final issue1852 (1852)CompanyWiley & PutnamCountryUnited StatesLanguageEnglish The American Review, alternatively known as The American Review: A Whig Journal and The American Whig Review, was a New York City-based monthly periodical that published from 1844 to 1852. Published by Wiley and Put...

 

Folklore of Assam AuthorJogesh DasCountryAssam, IndiaLanguageEnglishSeriesFolklore of IndiaSubjectFolklore of AssamPublisherNational Book TrustPublication date1972Media typePrint (Hardcover & Paperback)Pages141ISBN81-237-0145-4 Folklore of Assam is a comprehensive book on Assamese folklore authored by Jogesh Das. The book was published by National Book Trust in 1972. The book is a part of the Folklore of India series. The book is originally written in English and then in other Indian...

Law firm based in India This article is an orphan, as no other articles link to it. Please introduce links to this page from related articles; try the Find link tool for suggestions. (October 2021) TrilegalNo. of offices4No. of lawyersapproximately 300Major practice areasFull Service Law FirmCompany typePartnershipWebsitewww.trilegal.com Trilegal (founded in 2000) is a law firm based in India. It has over 300 lawyers across four offices in Bangalore, Mumbai, New Delhi...

 

Sebuah perhitungan Indeks Pembangunan Manusia (IPM) yang menggunakan metode baru dilaksanakan oleh Badan Pusat Statistik (BPS) DI Yogyakarta dari tahun 2015 hingga sekarang. Berikut ini akan disajikan penjelasan, sejarah, dan metodologi perhitungan IPM, serta daftar kabupaten dan kota Daerah Istimewa Yogyakarta menurut IPM tahun 2015. Penjelasan Indeks Pembangunan Manusia (IPM)/Human Development Index (HDI) adalah pengukuran perbandingan dari harapan hidup, melek huruf, pendidikan dan standar...

 

American heiress and arts patron (1882–1973) Geraldine Rockefeller DodgePortrait of Geraldine Rockefeller in 1906 by Friedrich von Kaulbach - Dodge Room in the Morris MuseumBornEthel Geraldine Rockefeller(1882-04-03)April 3, 1882New York City, New York, U.S.DiedAugust 13, 1973(1973-08-13) (aged 91)Madison, New Jersey, U.S.OccupationPhilanthropistSpouseMarcellus Hartley Dodge Sr.ChildrenMarcellus Hartley Dodge Jr.Parent(s)William Avery Rockefeller Jr.Almira Geraldine Goodsell Ethel Gera...

Catholic seminary in Berkeley, California This article is about the graduate school in Berkeley. For the liberal arts college in New Haven, see Albertus Magnus College. DSPT redirects here. For the sleep disorder, see Delayed sleep phase disorder. This article has multiple issues. Please help improve it or discuss these issues on the talk page. (Learn how and when to remove these template messages) This article includes a list of general references, but it lacks sufficient corresponding inlin...

 

US TV syndicate This article has multiple issues. Please help improve it or discuss these issues on the talk page. (Learn how and when to remove these template messages) This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Peter Rodgers Organization – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (October 2011) (Le...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!