БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі (ЭКОСОС, ағыл. United Nations Economic and Social Council) – Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органдарының бірі. Бұл кеңес БҰҰ-ның экономикалық пен әлеуметтік салалардағы жұмысын реттейді.[1]
1945 жылғы 26 маусымда құрылды. Жұмыс орны: Нью-Йорк.
ЭКОСОС БҰҰ-ның 15 мамандырылған мекемесіне, 9 салалық комиссияға, 5 аймақтық комиссияға жауапты.
Кеңес құрамына 54 мемлекет өкілі кіреді. Әр мүшені БҰҰ Бас Ассамблеясы 3 жылдық мерзімге сайлайды. Мемлекеттерге ЭКОСОС мүшелігіне қайта сайлануға шектеу жоқ. Кеңеске мүше әр мемлекеттің 1 дауысы болады. Шешімдер ортақ дауыс беру әдісі арқылы қабылданады.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы резолюциясына сәйкес, ЭКОСОС құрамына кіретін өкілдер саны келесідей бекітілді: