BIOS (/ˈbaɪɒs/, ағылш. basic input/output system[1] — «Базалық енгізу-шығару жүйесі») — үйлесімді есептеу машиналарының тұрақты сақтайтын құрылғысында жазылып қойылған программалар жинағы. Бұл программалар компьютердің жұмыс істеуге дайындығын тексеруге (мысалы, машинаны электр қоректендіру көзіне қосу кезінде оның жадының, баска құрылғьшарының жұмысын тексеруге) және операциялық жүйенің енгізу-шығарумен байланысты қарапайым қызметтерін орындауға арналған. Құрамына операциялық жүйенің жүктемелеуішін шақыратын программа кіреді.[2]