48°50′56″N 2°21′23″E / 48.84889°N 2.35639°E / 48.84889; 2.35639
Араб әлемінің институты Institut du monde arabe
|
Құрылған уақыты
|
1987
|
Орналасқан жері
|
1, rue des fossés Saint-Bernard, Place Mohammed V, 75005 Paris
|
Араб әлемінің институты
|
Париждегі Араб әлемінің институты 1987 жылы Францияның және жиырма екі араб мемлекетінің (Алжир, Бахрейн, Джибути, Иордания, Ирак, Йемен, Катар, Комор аралдары, Кувейт, Ливан, Ливия, Мавритания, Марокко, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Палестина, Сауд Арабиясы, Сирия, Сомали, Судан және Тунис) ынтымақтастығы нәтижесінде құрылды.
Ғимарат
Ғимараттың оңтүстік қасбеті қазіргі технологиялармен аралас дәстүрлі ою-өрнектермен безендірілген. Жобаның авторы француз сәулетшісі Жан Нувель болып табылады.
Көрмелер бөлімі
Бұл бөлім 2007 жылдың жазында негізделген. Бөлімде уақытша және тұрақты көрмелер өткізіледі. Тұрақты экспозициялар үш қабатта орналасқан:
Келушілерге арналған уақытша көрмелер араб мемлекеттерінің ежелгі уаққыттан қазіргі уақытқа дейін келе жатқан мұрасы тақырыптарына өткізіледі. Ең ірі көрме жыл сайын күз мезгілінде, ал тақырыптық көрмелер (қазіргі көркемөнер, жаңалықтар, фотографиялар т.б.) жыл бойы ұйымдастырылады. Көрмелердің басты мақсаты келушілерді араб мәдениетімен және өркениетімен көркемдік жетістіктер арқылы таныстыру.
Қызмет көрсетулер
Институтта келесі қызметтер көрсетіледі:
- жастарға арналған шаралар;
- кітап дүкені;
- темекі шегушілерге арналған бөлме;
- араб әлемінің жаңалықтарын және фильмдерін көруге болатын аудиовизуалды бөлме;
- араб тілін оқуға арналған орталық;
- мейрамхана;
- қолөнер бұйымдары сатылатын дүкен.
Сыртқы сілтемелер