Азия орман қаптесері[1] (Apodemus penіnsulae) – тышқандар тұқымдасына жататын кеміргіш. Қазақстанда орманға жақын жерлерде немесе тоғай шетінде, бұта өскен қопа арасында мекендейді.
Денесінің ұзындығы 10 см, құйрығы негізінен денесінің ұзындығымен бірдей болады. Салмағы 15 – 30 г.
Өз мекенінде тұрақты тіршілік етеді, жыл бойына белсенді, жылына (2 – 9-дан) 3 – 4 рет ұрпақ әкеледі. Жәндіктермен қоректенеді.
Дереккөздер
- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"