Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

Азия департаментінің жазбасы

Азия департаментінің жазбасы — тарихи құжат. 1828 жылы Ресей қаржы министрлігіне Азия департаментінің Ішкі Орда қазақтарымен сауда-саттық қатынастарын дамыту жолдары туралы ұсыныстар жазылған. Жазбада қазақ даласынан Ресейге шикізат қорын молынан тасымалдау және қырға орыс қалаларынан өндіріс өнімдерін жеікізіп, өткізу мәселесі сөз болады. Сол мақсатта сауда-саттық жүргізілетін орындар, тауар түрлері мен сату әдістері, көпестердің дәрежесі жан-жақты сипатталған. Бұл бағдарламалық сипаттағы құжаттың мақсаты — қазақ өлкесін Ресейдің арзан шикізат көзіне, тауар өткізу аясына айналдыру.[1]

Дереккөздер

  1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8


Prefix: a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Portal di Ensiklopedia Dunia

Kembali kehalaman sebelumnya