Аарон 8 жасында "Кардифф Сити" ФК-ның мүшелігіне кірді[3] . 8 жылдан кейін өзінің клубының негізгі құрамында сынға түсу алғашқы мүмкіндігіне ие болды. Бұл 2006-2007 жылдары болған Футбол лигасы чемпионатындағы Кардиффтың өзінің стадионындағы соңғы ойынында «Халл Сити»-ға қарсы ойынының соңғы минутында 16 жастағы Аарон Рэмзи Пола Перринмен ауыстырылып "Кардифф Сити"-дің негізгі құрамында ойнаған ең жас футболшы болып атанды[4] .
2007 жылдың маусымында "Кардифф Сити" өкілдері халыққа Аарон Рэмзиді Лондонда орналасқан Ағылшын премьер лигасының негізгі бір клубына 1 миллион фунт стерлингке бермеуі туралы, сонымен қатар Ливерпуль қаласындағы "Эвертон" клубына бермеуі туралы ақпарат жариялады.
Аарон өзінің клубпен бірінші кәсіби келісім-шартына 2007 жылдың желтоқсанында қол қойды. Ол өзінің бірінші профессионалды ойынын 2008 жылдың 5 қаңтарында "Чейзтаун" деген клубқа қарсы матчта өткізді. Стивенд Макфайлды ауыстырып, Рэмзи керемет ойынын көрсетті және "Чейзтаунның" қақпасына "Кардифф Сити"-дің екінші голын салып, ойынды 3:1 шотымен аяқтаған[5] beating the previous record holder John Toshack. Маусым 2007, Cardiff City turned down a bid of over £1m for Ramsey from a London-based Premier League club.[6].
"Арсенал"
2008 жылдың 10 маусымында келіссөздердің нәтижесінде "Кардиффтың" өкілдері Ааронды "Арсенал"-ға 4.8 миллион фунт стерлинг ақшаға сатып жіберді . Арсеналдың құрамындағы өзінің толық ойынын Рэмзи тек 23 қыркүйекте Англияның кубогының үшінші шенберінде «Шеффилд Юнайтед»-ке қарсы матчында өткізді. Осы ойында екі голдық пас берді[7].
Ал 2010 жылдың 27 ақпанында Аарон «Сток Сити»-ге қарсы матчында өте кауіпті жарақат алды: аяқтың ашық сынығы. Бұл жарақат Ааронның мансабына қатты әсер етті.
Тек 2013-2014 мезгілінде Аарон Рэмзи жарақатты толығымен жеңіп, жаңа одан да жақсы деңгейде ойнай бастады. Әзірге оның ағылшын перемьер-лигасындағы шотында 8 гол бар болды. Ал 2013 жылдың қыркүйегінде Аарон Рэмзи айдың ең үздік ойыншысы болып атанды.