Көкесі Әбділғазиз тақтан тайдырылған соң, V Мұрат таққа отырды. Жаңа сұлтан өте момын адам болды, еуропалық ағарту ісін жақтады, жаңартпаларды қалады. Мидхат паша бастаған шенеуніктер оның таққа отыруы — Османлы мемлекетінің жаңа дәуірінің басталуы деп санады.
Билеуінің 93 күні, 1876 жылдың31 тамызында, тақтан тайдырылды. Жаңа сұлтан оның інісі II Әбділхамит болды. V Мұрат Босфор жағалауындағы Шыраған сарайына көшті. 1878 жылдың20 мамырында бұрынғы сұлтанды таққа қайтаруды қалаған көтерілісшілер сарайға басып кірді, алайда V Мұрат таққа отыруды қаламады. Содан кейін II Әбділхамит әскері көтерілісті басты.
Ажалы
1904 жылдың29 тамызында V Мұрат Шыраған сарайында, қамауда, қайтыс болды. Мәйіті Жаңа Уәлиде сұлтан мешітінің жаңындағы мазарда жерленді.